Now Reading
Қазақстанда оқушыларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үдерісі автоматтандырылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда оқушыларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үдерісі автоматтандырылды

Қазақстанда оқушыларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үдерісі автоматтандырылды

Қазақстанда оқушыларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үдерісі автоматтандырылды, деп хабарлады білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.
«Бүгінгі таңда оқушыларды ауыстыру жүйесі толығымен автоматтандырылған, оқушының ата-анасы ауысу себебін көрсетеді, содан кейін бір мектептен шығарылып және басқа мектепке ауысқаны туралы электронды хабарлама алады. Білім беру ұйымдары оқушыны ҰБДҚ арқылы мектепке қабылдау туралы бұйрық шығарады және салыстыру жүргізеді. Бұдан әрі оқушының жеке ісі электронды түрде көрсетілген мектепке жіберіледі», — деді Шолпан Каринова сейсенбіде өткен Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысы барысында.
Вице-министр бұған дейін мектеп оқушыларын көшіру қағаз түрінде жүзеге асырылғанын атап өтті. Алдымен баланың ата-аналары өтініш жазып, кету және келу талондарын алып, содан кейін ғана баланың жеке ісін алуға мәжбүр болды. Бүгінгі күні бүкіл ауысу үдерісі электронды үкімет порталында жүзеге асырылады.
Ш.Каринованың айтуынша ауыстыру тек демалыс уақытында жүзеге асырылады. Елден көшіп немесе кетіп жатқан білім алушылар олардың кетуін растайтын құжат ұсынуы керек.

 

 

Источник: KazTAG

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...