Now Reading
TikTok қосымшасында танымал болған химия пәнінің мұғалімі «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > TikTok қосымшасында танымал болған химия пәнінің мұғалімі «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы болды

TikTok қосымшасында танымал болған химия пәнінің мұғалімі «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы болды

28 жасар Ұлан Үсенов – Алматыдан келген химия пәнінің мұғалімі. Ол жапондық Naruto анимесі арқылы мектеп материалдарын түсіндіре бастаған. Осылайша TikTok әлеуметтік желісінде танымал болған. Күрделі тақырыптарды оқытудағы осындай шығармашылық көзқарас кейіпкерімізді «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы еткен.
Ұлан 6 жылдан бері химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Қазір оның әлеуметтік желілерде жаңа техниканың арқасында күрделі тақырыптарға қызығушылық танытқан ересектер мен балалардан құралған 240 мың оқырманы бар. Сонымен қатар Ұланның видеолары тәрбиелік, сараптамалық мазмұндағы дүниелер әлеуметтік желілерде танымал бола алатындығын дәлелдеді. Видеоларда қолданбалы ғылымды жеңіл, қызықты және қол жетімді етіп түсіндіріп, балалардың жаңа тақырыпты жеңіл игеруіне жол ашқан. Ұлан аниме әлемі мен химиялық реакциялар арасындағы ұқсастықтарды келтіреді. Сонымен қатар мұғалім күрделі химиялық үдерістерді рэп оқу арқылы түсіндіреді. Ұ.Усенов болашақта TikTok қосымшасында зертханалық тәжірибелер көрсетуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Мен үшін бұл жобадағы жеңіс – күтпеген жағдай болды. Мен үшін біреулер дауыс береді деп ойлаған да жоқпын. Осыншама қолдау алғаныма өте қуаныштымын. Сахнаға шығар алдында біраз қобалжыдым», — деп ішкі ойымен бөлісті жоба жеңімпазы.
TikTok-та сабақ түсіру идеясы Ұланға карантинде келген екен.
«Нәтижесінде мен күрделі емтихан сұрақтарын түсіндіріп, химия пәнінен есептер шығара бастадым. Менің оқушыларыма оқытудың бұл әдісі ұнады, бірақ мен ешкімді менің видеоларымды көруге мәжбүрлемеймін. Барлық адамдардың қызығушылығы бірдей бола бермейді. Көптеген адамдар жақсы пікірлер қалдырып жатады», — дейді химия мұғалімі.
Оның айтуынша танымалдылық келген сәттен бастап түрлі оқу орындарынан, соның ішінде беделді оқу орындарынан да түрлі ұсыныстар келіп түскен.
«Оқу орындары жазбаша түрлі ұсыныстар жасап, мені жұмысқа шақырды. Мен барлық ұсыныстардан алғысымды білдіре отырып бас тарттым, себебі мен өзім жұмыс істейтін туған мектебімде өзімді жақсы және еркін сезінемін. Ұжым мені әрдайым қолдайды. Жұмыс орнымда шығармашылық еркіндік пайда болады. Білім министрінің, Мемлекет басшысының өзі менің негізгі идеяма назар аударғанына өте қуаныштымын. Балаларға бақылау жасасаңыз, оның ішкі дүниесінің алай-дүлей екенін байқауға болады. Балаға қысым жасағанда, одан жақсы нәтиже шықпайтыны анық. Ең бастысы – балалардың ішкі жан дүниесінің жағдайы», — деп қорытындылады химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпаздарын құттықтап, жеңімпаздардың өздерінің талантын халыққа мойындатып, мемлекеттің дамуына үлес қосқанын атап өтті.

 

 

Источник: Казинформ

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×