Now Reading
Португалияда жаяу жүргіншілерге арналған әлемдегі ең ұзын аспалы көпір ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Португалияда жаяу жүргіншілерге арналған әлемдегі ең ұзын аспалы көпір ашылды

Португалияда жаяу жүргіншілерге арналған әлемдегі ең ұзын аспалы көпір ашылды

Португалияның солтүстігінде жаяу жүргіншілерге арналған әлемдегі ең ұзын аспалы көпір ашылды. Ол ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасы тізіміндегі Арока геосаябағындағы шатқалдан 175 метр биіктікте орналасқан. Көпірді салуға жергілікті билікке екі жылға жуық уақыт қажет болды. Құрылыс құны 2,3 миллион еуроны құрады, бұл 10 миллиард теңгеден асады. Алғашқы келушілер көпірге аса сақтықпен шыққан, себебі әр қадам сайын бүкіл құрылым сәл теңселе бастайды. Әзірге көпір тек жергілікті тұрғындар үшін ашық, бірақ дүйсенбіден бастап мұнда барлық қалаған жандарға келуге  рұқсат етіледі. Билік бұл көпір коронавирус пандемиясынан зардап шеккен аймақтың экономикалық тынысына  жаңа леп әкеледі деп үміттенеді. 

Уго Шавьер, жергілікті тұрғын: — Мен көпірге көтерілуге басында қорыққанымды мойындаймын,  бірақ өзімді жеңіп, көтерілдім, алған эмоциям осыған тұрарлық. Бұл сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес эмоция. Сондай биіктікке көтерілген кездегі адреналин, көпірдің дірілдегені, төменде ағып жатқан өзен, керемет сезімдерді кешіресіз! 

 

 

 

 

 

Источник: 24.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...