Now Reading
Ақтауда зейнеткер балаларға спорт ойындарының негіздерін тегін үйретуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтауда зейнеткер балаларға спорт ойындарының негіздерін тегін үйретуде

Ақтауда зейнеткер балаларға спорт ойындарының негіздерін тегін үйретуде

Ақтау қаласында әлеуметтік жоба аясында үшінші жыл қатарынан жергілікті балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру жұмыстары жүргізілуде. Тегін жаттығулар ықшам аудандардың ішіндегі спорт алаңдарында өтеді. Осындай жаттығулардың бірін зейнеткер Олег Моисеев жүргізеді. Зейнеткер балаларды волейбол, баскетбол, футбол ойнауға үйретеді, тіпті қалалық турнирлерден бірнеше рет жеңіспен оралған командалар да жасақтаған. Осы аймақтағы барлық мектеп оқушылары 68 жастағы зейнеткерді біледі. Олег Моисеев әр кеш сайын жергілікті спорт алаңына барып, балаларға спорт ойындарының негіздерін үйретеді. Жаттықтырушы — әр бала үшін үлкен беделді тұлға.
Наз Бисенбек, Ақтау қаласының тұрғыны: — Мен Олег Моисеевтің арқасында спортшы болғым келеді. Ол жақсы бапкер, маған допты қалай ұстауды, лақтыруды, допты лақтыру техникасын үйретті.
Олег Моисеев жаттықтырушылық кәсібін көптеген жылдар бұрын бастаған. Олег Моисеев алдымен өз балаларымен ойнап бастаған, содан кейін көрші балалар қосыла бастады. Салдарынан команда құру және бұқаралық спортты дамыту идеясы пайда болған.
Олег Моисеев, Ақтау қаласының тұрғыны: — Кім бұзақылық жасаса, ол алаңнан кетуі тиіс. Егер ойнағың келсе, төбелеспе. Ереже — осы. Балалар арасында татулық болу үшін ұлдар мен қыздар енді бір командада ойнаудан қорықпайды. Ересектерді қанша шақырсам да келмейді, тіпті балалары ойнайтын көршілеріме қоңырау шаламын. «Келіңіздер, оларды қуантыңыз, өйткені балаларға туысы, жақын адамы бақылап отырғаны қатты дем береді» — деп қаншама рет шақырсам да болмады. Балалардың қызығушылығы арта түсер еді. Үйде ата-анамен ортақ тақырыпта сөйлесіп бір табан болса да ара-қатынастары жақсара түсер еді. Кесте бойынша жаттығулар аптасына 4 рет, бір жарым сағат ішінде өтуі керек. Алайда балалар күнде келіп, түннің бір уағына дейін жаттығуда болады. Бұрынғы инженер-механиктің педагогикамен ешқандай байланысы жоқ, бірақ оның сабақтарын балалар өте жақсы көреді және асыға күтеді. Мұнда қызықты әрі көңілді және әрбір керемет лақтырылған доп үшін сыйақы бар. Бірнеше жыл бұрын «Біздің ауланың чемпиондары» жобасының жетекшісі Асия Идрис жергілікті бапкерді байқап қалып, зейнеткерді өз командасына шақырады. Бүгін Ақтау қаласының 24 учаскесінде нұсқаушылар аптасына бірнеше жаттығулар өткізеді. Дәл осындай сабақтар Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласында өткізілуде.
Асия Идрис, «Біздің ауланың чемпиондары» жобасының жетекшісі: — Білім алып жатқан немесе оқуларын бітірген және жұмыс істегісі келетін нұсқаушыларыма мен әрқашан зейнеткерді үлгі етіп көрсетемін. Себебі Л.Моисеев тек жаттықтырып қана қоймай, сонымен қатар балаларды тәрбиелеуде. Ойын алаңына қарасаңыз, жүрген жерлерін қаншалықты таза ұстайтынын көруге болады. Жаттықтырушы балалардың жаттықтыру алаңында қоқыс тастауына жол бермейді. Балалар әрқашан дайындықты асыға күтеді. Қазір Олег Акимович өзінің «Бүркіттер» командасын пионер добы мен волейбол жарыстарына дайындауда. Балалар бапкерінің кәсібилігі мен сүйіспеншілігіне қаншалықты сенімді болса, жаттықтырушы балаларының жеңісіне де толық сенімді.

 

 

Источник: Хабар 24

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×