Now Reading
Норвегиялық суретші қазақстандық ардагерлерден жауап күтуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Норвегиялық суретші қазақстандық ардагерлерден жауап күтуде

Норвегиялық суретші қазақстандық ардагерлерден жауап күтуде

Қазақстанның Ослодағы елшілігіне Норвегияның әйгілі суретшісі Вебьерн Санд 1944 жылы Норвегияның солтүстігін фашистік басқыншылықтан азат етуге қатысқан тірі қазақстандық ардагерлерді, сондай-ақ жаулап алынған Норвегия аумағында нацистік тұтқында болған сарбаздарды табуға көмектесу туралы жүгінді, — деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Санд «Раушандар сарайы» атты үлкен шығармашылық-ағартушылық жобаның жетекшісі. Кешен Ослода 2020 жылы 1940 жылы фашистердің Норвегияға шабуылының 80 жылдығына және 1945 жылы елдің толық азат етілуінің 75 жылдығына орай ашылды.

Жоба екі тақырыпқа арналған: Гитлердің Норвегияны басып алуы және норвегиялық қоғамның құндылықтары — демократия, гуманизм және құқықтық мемлекет.

Кешенде 100-ден астам монументальді картиналар мен инсталляциялар бар. Суретшінің ардагерлермен жеке әңгімелеріне негізделген «Тарих жүзі» атты портреттер топтамасы ерекше орын алады.

Вебьерн Санд соңғы бірнеше жыл ішінде жастары 100-ге жетіп қалған 30-дан астам жаңа дос тапқанын атап өтті. Суретші Норвегияны және шет елдерді аралап, қарсыласу қозғалысының мүшелерімен, фашистік тәртіппен күрескен сарбаздармен, 1940-1945 жылдардағы Норвегиядағы соғыстың куәгерлерімен және құрбандарымен кездесті.

«Раушандар сарайы» арт-жобасы 1944 жылдың күзінде Норвегияның солтүстігін азат етуге қатысқан Қазақстанның сарбаздарына және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Норвегияда тұтқында болғандарға құрмет пен ризашылық білдіреді. Сіздің оқиғаңыз Норвегия халқына танымал болғанын қалаймыз», — деп атап өтті Санд.

Суретші кеңес армиясының қазақстандық ардагерлерімен сөйлескісі келетінін, сондай-ақ оларды «Тарих жүзі» экспозициясына қосқысы келетінін жеткізді. Өкінішке қарай пандемияға байланысты Вебьерн Санд Қазақстанға келе алмайды, сондықтан ардагерлермен онлайн тәртіпте кездесіп, сұхбаттасқысы келетінін айтуда. Кездесуден түсірілген фотосуреттер мен эскиздер негізінде жасалған, басқа соғыс куәгерлерімен бірге Ослодағы «Раушандар сарайына» ілінетін портреттер салуды жоспарлап отыр.

Қазақстанның Ослодағы Елшілігі көпшіліктен осы жобаны қолдауға және Ұлы Отан соғысы кезінде Норвегияда болған қазақстандық ардагерлерді іздестіруге көмек көрсетуді сұрайды. Жоба біздің сарбаздардың ерлігін мәңгі есте сақтап, біздің халықтарымыз арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтады.

Ардагерлердің суретшімен кездесуін ұйымдастыруға арналған байланыс көздері: Норвегиядағы Қазақстан Елшілігі: oslo@mfa.kz, KazakhstanNorway@gmail.com, +47 22420643; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті: kmi@mfa.kz, +7 7172 720685.

1944 жылдың күзінде Петсамо-Киркенес операциясына 130 мыңнан астам кеңес жауынгерлері қатысты, соның нәтижесінде Вермахт әскерлері Кеңестік Арктикадан, Финляндияның солтүстігінен және Норвегияның солтүстігінен шығарылды. Операцияға қатысқан қазақстандықтардың саны туралы нақты деректер жоқ, бірақ елшілік қайтыс болған 65 қазақстандықтың есімдерін жариялады.

Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Норвегияның оккупацияланған лагерлерінде 100000-ға жуық кеңес әскери тұтқыны болған. Норвегиядағы әскери қабірлердегі мәліметтер базасын цифрландыру жұмыстары жақында басталды. Бүгінгі таңда Елшілік 56 қазақстандықтың есімдері мен жерленген орындарын анықтады.

 

 

Источник: Tengrinews

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×