Now Reading
Қызылордада апатты жағдайдағы үйлерде тұрған 20 отбасы қоныс тойын тойлауда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қызылордада апатты жағдайдағы үйлерде тұрған 20 отбасы қоныс тойын тойлауда

Қызылордада апатты жағдайдағы үйлерде тұрған 20 отбасы қоныс тойын тойлауда

Қызылорда қаласында 20 отбасы бақытты жаңа қоныс аударушыларға айналды. Бұған дейін бұл отбасылар тозығы жеткен үйлерде тұрған. Апатты үйлердегі 200-ден астам қызылордалық отбасы тұрғын үй кезегін күтуде.
Вилия Шернюте тозығы жеткен үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтер деуге келе қоймайтын 15 шаршы метрлік кішкене бөлмеде тұрып келген. Дәретхана сыртта. Жылыту жоқ. Осындай үйде қолдан жасалған электр плитасында тамақ пісіретін. 60 жастағы Вилия Шернюте осындай жағдайда ширек ғасырға жуық өмір сүріп келген. Бір жыл бұрын билік бұл үйді апатты жағдайда деп таныған. Жаңа екі бөлмелі пәтерін қарап, жалғыз басты зейнеткер ана көз жасын жасырмады. Жаңа пәтерде барлық жағдайлар жасалған. Жуынатын бөлмесі, ас үй, тіпті кең лоджиясы бар.
Вилия Шернюте, Қызылорда қаласының тұрғыны:
— Тіпті не айтарымды білмеймін. Мен жалғызбын, жақыным, туысым ешкім жоқ. Бүгінгі күні менің осындай керемет пәтерім бар. Алғысымды білдіремін.
Облыс орталығында 17 үй апатты деп танылды. Қауіпсіз баспана кезегінде тұрған 234 отбасы бар. Қала билігі бұл отбасыларды алдағы 2 жылда жаңа пәтерлерге қоныстандыруды жоспарлап отыр. Біржан Далабаев, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы: — Биыл біз 120 отбасын толыққанды тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Қалған отбасылар — келесі жылы қоныстануы тиіс. Бұл пәтерлердің барлығы заң бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілген. Ай сайын төленетін төлем шартты түрде — 5-6 мың теңге шамасында. Қала бойынша 25 мың қызылордалық отбасылар тұрғын үй кезегінде тұр дейді мамандар. Биыл 1500 адам қоныс тойын тойлайды.

 

 

Источник: Хабар 24

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...