Now Reading
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Әлеуметтік Кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Әлеуметтік Кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленуде

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Әлеуметтік Кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сарапшылармен бірлесе отырып, 2021 жылдың шілде айында заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсыну жоспарланған Әлеуметтік Кодекс тұжырымдамасының жобасын әзірлеуде, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Әлеуметтік Кодексті дайындаудың мақсаты — азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруы үшін институционалдық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау. 

 «Қазіргі уақытта қазақстандықтарға 1 кодекс, 16 заң және 100-ден астам заңнамалық актілермен реттелетін әлеуметтік қауіпсіздік шаралары кең көлемде ұсынылады. Жаңа Кодекстің басты мақсаты — халыққа түсінікті болуын жеңілдету үшін осы саладағы барлық қолданыстағы заңнамалық нормаларды бір құжатқа жинақтау. Әлеуметтік Кодекс азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленеді және адамның өмірінің әр кезеңіне қатысты бөлімдерден тұрады. Бұл Қазақстан халқына мемлекеттік қолдау шараларын жеңіл бағдарлауға мүмкіндік береді», — деді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Сарбасов.

 Оның айтуынша Кодекстің қабылдануы халықтың әлеуметтік заңнаманы түсінуін жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерді ұсынудың бірыңғай стилін қамтамасыз етеді (әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бірқатар заңдар 90-жылдардың басында қабылданған, содан бері нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу тәсілдері айтарлықтай өзгерген). Сондай-ақ Кодекс шеңберінде азаматтардың әлеуметтік құқықтары жүйеленетін болады — бір құжатта адам өмір сүруінің барлық саласында өмірлік жолында туындайтын барлық базалық құқықтар, соның ішінде ең төменгі әлеуметтік стандарттар көрсетіледі. Тұжырымдаманы әзірлеу аясында әлеуметтік саланың әр түрлі салаларындағы 100-ден астам сарапшылар, соның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, орталық мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық кеңестер, сонымен қатар бастамашыл азаматтардан тұратын жұмыс тобы құрылған. 

  Жұмыс тобының жұмысы барысында Қазақстан Республикасының 30-дан астам заңнамалық және 150 заңнамаға бағынышты актілер, сондай-ақ әлеуметтік заңнаманы реттеудің халықаралық тәжірибесі зерделенді. Халықпен және қоғамдық бірлестіктермен жасалған кездесулердің нәтижелері бойынша жұмыс тобы 500-ге жуық ұсыныстар жинап, қарастырды. Жұмыс тобы жалпы және арнайы екі бөлімнен тұратын Кодексті құруды ұсынады. 

Жалпы бөлімде мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік қатынастарды құқықтық реттеудің негіздері, олардың өзара міндеттемелерін нақты анықтай отырып белгіленеді. 

Арнайы бөлім әлеуметтік тәуекелдердің жекелеген түрлеріне арналған, мұнда оларға әсер ету шаралары, әлеуметтік көмек алушылардың санаттары, төлемдер мөлшері, оларды тағайындау шарттары мен мерзімдері анықталады. 

«Кодексті әзірлеу және қабылдау қазіргі уақытта қолданыстағы 16 заңның жоғалуына әкеледі. Мәселен, қазір мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері 5 заңмен реттелсе, болашақта бір ғана Кодекс болады. 

Сонымен бірге жаңа Кодекс азаматтарға зейнетақы, жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жасалатын төлемдерді қамтамасыз етуді, мүгедектігі бар жандарды оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуді қоса алғанда, қазіргі кездегі барлық әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік қолдау нысандарының сақталуын қамтамасыз етеді», — деді Ақмади Сарбасов. Тұжырымдама мақұлданғаннан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік Кодекстің өзін дайындауға кіріседі. Бұрын хабарланғандай Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына  жасаған Жолдауында Әлеуметтік Кодексті әзірлеу және қабылдау арқылы әлеуметтік заңнаманы шоғырландыру бойынша жұмысты бастауды тапсырған болатын. 

 

 

 

 

 

 

Источник: 24.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×