Түнде оянғанда телефонды алып, уақытты тексеруге болмайды, өйткені бұл жүйке жүйесін қоздырады екен.
Дәрігер-сомнолог смартфондардың ұйқыға әсері туралы айтты, деп хабарлайды «Prime» баспасы.
Дәрігердің айтуынша гаджеттерді ұйықтар алдында бір-екі сағат бұрын қолдануға болмайды, өйткені бұл жүйке жүйесін қоздырады екен.
Гаджеттерді өзіңізбен бірге төсекке алып жатуға болмайды. Төсек тек ұйықтауға арналған болуы керек. Барлық басқа әрекеттер — теледидар көру, оқу — кереуеттен тыс жерде жасалуы керек, — деді Максим Новиков.
Түнде оянғанда телефонды алып, уақытты тексеруге болмайды, өйткені бұл жүйке жүйесін қоздырады, ал экраннан шыққан жарық мелатонинді жояды дейді дәрігер.
Маман ұйқының фазаларын анықтайтын ақылды гаджеттерден бас тартуға кеңес берді, өйткені олардың сенімділігі әлі дәлелденбеген, бірақ іс жүзінде «құрылғылар шындыққа сәйкес келмейтін қарама-қайшы нәтижелерді көрсетеді» дегенді алға тартады.
Источник: zakon.kz