Now Reading
Павлодар қаласында соқырлар қоғамы кездейсоқ жеткізуушілердің «қара тізіміне» іліккен
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодар қаласында соқырлар қоғамы кездейсоқ жеткізуушілердің «қара тізіміне» іліккен

Павлодар қаласында соқырлар қоғамы кездейсоқ жеткізуушілердің «қара тізіміне» іліккен

Павлодарлық соқырлар жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды. Жергілікті соқырлар қоғамы «кездейсоқ» қара тізімге еніп, енді тендерлерге қатыса алмайды. Мүгедектігі бар жандардың айтуынша, бұл мемлекеттік сатып алу порталында орын алған ақауларға байланысты болған. Осылайша бүкіл Қазақстан бойынша 60-тан астам компаниялар жосықсыз жеткізушілер қатарына қосылған, — деп хабарлайды Кәсіпкерлер палатасы. Алайда Қаржы министрлігі қателікті жоққа шығарып отыр.
Павлодарлық соқырлар өнеркәсіптік кәсіпорындарға төсек жапқыш, арнайы киім және сүзгі тігеді. Павлодардан шыққан бұйымдар аймақтан тыс жерлерде де сұранысқа ие. Жергілікті соқырлар қоғамында барлығы 80 адам жұмыс істейді. Қоғам мемлекеттік сатып алуға қатыса отырып ешқашан жұмыссыз қалмаған. 3 жыл ішінде біз үш мың келісімшарт бойынша қызмет көрсеттік. Бірақ сәуір айында қоғам жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды: олар кенеттен жосықсыз мердігерлер тізіліміне енді.
«Портал жұмысында 1 сәуірде ақаулар пайда болды. Бірақ портал ол ақауларды мойындамай отыр. 31 наурызда біздің мамандар порталға кіріп кестені тексерген еді. Қол қою туралы келісімшарт болған жоқ», — деді «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорындары директорының орынбасары Арғынғали Бердиев.
Енді қоғам екі жыл ішінде тендерге қатыса алмайды. Өндіріс тоқтап қалды. Сот шешімі бойынша қара тізімнен шығуға болады. Бірақ сот ісінің мерзімі шамамен төрт айға созылады. Осы уақыт аралығында үлкен тапсырыстар ойнатылып кететіні анық. Қоғамға құны аз болатын тапсырыстар қалып, нәтижесінде үлкен шығынға ұшырайды.
«Біз осы уақыт аралығында белгілі бір мөлшерде ақша тауып, осы 80 адамға жалақы төлеп, пайда да таба алар едік. Сонымен қатар коммуналдық төлемдер бар, бұл сома да біраз теңгені құрайды», — дейді А.Бердиев.
Павлодарлық соқырлар қоғамы өзге зардап шеккен компанияларды өздерінің беделін сақтау және әділеттілік орнату үшін бірігуге шақырады. «Қазақстан бойынша 60-тан астам кәсіпорын осы жағдайда қалып отыр», деп хабарлайды кәсіпкерлер палатасы.
«Біз ортақ бір ұстаным жасағымыз келеді, бірақ Қаржы министрлігі әр кәсіпкерді жеке-жеке әділет органдары арқылы ғана тізімнен шығару керек дейді. Павлодар облысында 26 кәсіпкер зардап шеккен болса, біз Нұр-Сұлтан қаласы экономикалық сотына әрқайсының атынан бөлек-бөлек арызданамыз», — деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Әубәкіров.
Кәсіпкерлердің айтуынша порталдағы жұмыс ақаулары бір аптаға созылған. Қаржы министрлігі портал жұмысында ешбір қателік болған жоқ деп сендіреді. Соқырлар қоғамына қатысты тапсырыс берушінің келісімшартты жүйе арқылы жібергені, бірақ қоғам үш күн ішінде құжатқа қол қоймағанын айтады. Бұл жағдайда кәсіпкер автоматты түрде адал емес жеткізушілер тізіміне енгізіледі.
«Жоғарыда аталған келісімшартқа қол қою үшін тапсырыс беруші 2021 жылғы 23 наурызда сағат 01. 09 минут 34 секундта құжатт жіберген. Жеткізушінің келісімшартқа қол қоюның аяқталу күні — 2021 жылғы 31 наурыз. Жеткізуші 31 наурызға дейін келісімшартқа қол қоюы тиіс болатын», — деді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.
Қаржы министрлігі портал жұмысындағы ақауларды жоққа шығарады. Жүйе келісімшарттарды хронологиялық тәртіпте сүзгіден өткізбейді. Сондықтан жеткізушілер пайда болған келісімшарттарды өздігінен бақылауға міндетті. Министрлік неге бірнеше ондаған компаниялардың қара тізімге енгені туралы ештеңе айтпайды.

 

 

Источник: Tengrinews

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×