Now Reading
WhatsApp аккаунттарды өшіруге байланысты жанжалдан кейін мәлімдеме жасады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > WhatsApp аккаунттарды өшіруге байланысты жанжалдан кейін мәлімдеме жасады

WhatsApp аккаунттарды өшіруге байланысты жанжалдан кейін мәлімдеме жасады

Танымал WhatsApp мессенджері соңғы айларда жаңа құпиялылық саясатына қатысты жаңалықтардан кейін үлкен дау-дамай туындап, салдарынан өздерінің ескерту сөздерін кері қайтарып алды, — деп хабарлайды ixbt.com сайты.

Қолданушылар бұған дейін WhatsApp қосымшасын ары ұарай да қолданғысы келсе 15 мамырға дейін жаңа ережелерді қабылдауы керек екендігі туралы ескерту алған. Ары қарай WhatsApp тобы жаңа талаппен келіспейтін пайдаланушылардың есептік жазбалары жойылмайтынын, бірақ өзгерістер қабылданғанға дейін WhatsApp есептік жазбасының функционалдығы шектеулі болатынын түсіндіріп, өз позицияларын өзгерткен болатын. 

Бүгін WhatsApp командасы пайдаланушылардың есептік жазбаларын жою жоспары жоқ екені туралы тағы  мәлімдеді. Сонымен қатар енді аккаунттарды уақытша өшіре тұру да жоспарланбайды деп хабарлады.  Керісінше жаңа ережелерге келісім бермеген қолданушыларға келісу туралы ескертулер жалғаса беретін болады.

«Пайдаланудың жаңа шарттары туралы хабарлама алған қолданушылардың көпшілігі оларды қабылдағанымен, кейбіреулерінде әлі мұндай мүмкіндік болмағанын білеміз. 15 мамырда осы жаңартуға байланысты бірде-бір аккаунт жойылмайды және олардың ешқайсысының WhatsApp қызметі шектелмейді. Алдағы бірнеше апта ішінде біз пайдаланушыларды ескертуді жалғасытырамыз», — деді WhatsApp тобы.

 

 

 

 

 

 

 

Источник:tengrinews.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...