Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы Нұр-Сұлтан қаласындағы Халық хакарманы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішінде еске алу акциясын өткізді.
Акцияға республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері қосылды. Жастар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
«Біз бақытты ұрпақпыз, өйткені біз сол сұрапыл соғысқа қатысушылардың өз ауыздарынан оқиғаларын естідік. Мұндай қайғылы оқиғалар қайталанбас үшін бейбітшілік пен келісімді бағалау қаншалықты маңызды екенін білеміз. Енді біз өз тарихымызды болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз қажет, келер ұрпақ соғыс туралы оқиғаларды тек оқулықтардан біле алады», — деп атап өтті акцияға қатысушылар.
Акцияға «Жарасым» ҚХА жастар қозғалысының және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, «Қазақстан жастарының конгресі», «Ұлан-Ғайыр дала елі» жастар ұйымдарының, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының өкілдері қатысты.
1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов басып алынған Рейхстагтың қасбетіне Жеңіс Туын бірінші болып орнатқан. Ақмола облысының тумасы Рақымжан Қошқарбаев Берлинді алу әскери операциясы кезінде асқан ерлік танытқан.
Атақты қазақстандыққа қатысты тарихи әділеттілік батыр қайтыс болғаннан кейін, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қалпына келтірілді.
1999 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында елордада батырға арналған 11 метрлік ескерткіш ашылды.
Источник: inform.kz