Now Reading
Алматы қаласында Рахымжан Қошқарбаевтың құрметіне мемориалды тақта пайда болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматы қаласында Рахымжан Қошқарбаевтың құрметіне мемориалды тақта пайда болды

Алматы қаласында Рахымжан Қошқарбаевтың құрметіне мемориалды тақта пайда болды

9 мамыр күні – Ұлы Жеңістің 76 жылдығы күні Алматы қонақ үйінің қасбетінде Рахымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған мемориалды тақта ашылды.

Рахымжан Қошқарбаев — офицер, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 1945 жылы 30 сәуірде жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагтың үстінен Жеңіс туын бірінші болып көтерді.

«Алма-Ата» қонақ үйінің алғашқы директоры — Рахымжан Қошқарбаев болған. Ол бұл қызметті 20 жыл, 1988 жылы қайтыс болғанға дейін атқарған.

Сол жылдардағы қонақ үй қызметкерлері Қошқарбаев адамгершілігі жоғары, әділ, объективті адам болғанын және сантехник болсын, тазалықшы болсын, қарамағындағылардың әрқайсысын жақсы білетіндігін еске түсірді.

 Мемориалды тақтаның ашылу салтанатына Рахымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева, отбасылық достары және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты. Балалар мемориалды тақтаға гүл шоқтарын қойып, Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі туралы көптеген әңгімелер тыңдады.

1945 жылы 30 сәуірде Берлин уақытымен 14 сағат 25 минутта, Берлин құлағанға дейін екі күн бұрын Рейхстагтың үстінде қызыл туды бірінші болып Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов көтерді. Алайда ресми тарих батырлардың есімдерін жеңістен кейін 60 жылдан кейін ғана білді. Қазақстандық тарихшы Болат Асановтың ұсынысы бойынша Ресейдің Әскери тарих институты Жеңістің алғашқы туын көтерген Қошқарбаев пен Булатов болғанын мойындады.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 1999 жылғы 7 мамырдағы жарлығымен Рахымжан Қошқарбаевқа қайтыс болғаннан кейін Қазақстандағы ең жоғары дәреже — «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Осыған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігі Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлігі туралы мақала жариялаған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

Источник: inform.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×