Алматы қаласында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің лицензиясы уақытша тоқтатылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне Шет тілдер және іскерлік карьера университеті ұсынатын білім сапасы туралы шағым келіп түскен. Осыған байланысты аталған университетте жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оқу процесін ұйымдастыруды бақылау нәтижелері бойынша заң бұзушылықтар жойылғанға дейін университет лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды деп хабарлайды Министрлік.
Бақылау аясында Шет тілдері және іскерлік карьера университеті студенттерінің білімдеріне сынақ өткізілді. Студенттердің 97% -ы шекті баллды жинай алмаған.
Аудит барысында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде сабақ кестесі бойынша өтілмейтіні анықталды. Білім сынағы мен сауалнама нәтижелері білім сапасының төмендігін және жұмыс берушілердің оқыту процесіне дұрыс қатыспауы анықталған. Университет академиялық адалдық қағидаттарын ұстанбайды: студенттердің курстық жұмыстары көшіріп алуды тексеру жүйесінен өтпейді, академиялық адалдық қағидаттарын бұзу фактілері анықталған жағдайда да дипломдық жұмыстарды қорғауға рұқсат етіледі. Жалпы университет білім беру саласындағы заңнаманы өрескел бұзушылықтарға жол берді, — деп түсіндірді Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.
Заңнамаға сәйкес лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда студенттер мекеменің анықталған заң бұзушылықтарды жоюын күтпестен басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.
Источник: zakon.kz