Қазақстанның барлық аймақтарының тұрғындары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін (бұдан әрі – ЖҚО) Электрондық еңбек нарығы (бұдан әрі — ЭЕН) — Enbek.kz порталы арқылы ала алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылғы 17 қарашада жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін Электрондық еңбек нарығы арқылы ХҚКО қызметін қашықтықтан ұсынатын пилоттық жобаны іске қосты. Ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап бұл мүмкіндіктер республиканың 40 қаласының тұрғындары үшін, ал мамыр айынан бастап барлық қазақстандықтар үшін ұсынылады.
ЭЕН-дегі «жеке кабинетте» қазақстандықтар жұмыс іздеуші немесе жұмыссыз ретінде тіркеліп, тіркеудің барлық кезеңдерін бақылай алады. Азаматтар (әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары) жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін, ЭЕН-де жұмысынан айрылғаны үшін әлеуметтік төлемдер туралы өтініш жібере алады және мемлекет субсидиялайтын бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады — жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыс.
Жоғарыда көрсетілген қызметтерді онлайн тәртіпте алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы ЭЕН-ға тіркелу қажет. Жыл басынан бері 34 мыңнан астам адам қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігін пайдаланды. 30 мың азамат жұмыссыз мәртебесін алды. «Жұмыс іздеп жүрген және жұмыспен қамту орталығына жүгінгісі келетін азаматтар үйлерінен шықпай қажет әрекеттерді Enbek.kz порталында бірнеше минут ішінде жасауға болады. Ол үшін тек Интернетке қол жетімді және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар компьютер болу керек. Қызмет толықтай автоматтандырылған. Бұл дегеніміз егер портал үш жұмыс күні ішінде азаматқа лайықты жұмыс таба алмаған болса, онда Электрондық еңбек нарығы автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркейді. Осылайша адам факторы мүлдем алынып тасталды», — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.
Интернет немесе компьютер болмаған жағдайда, барлық жұмыспен қамту орталықтарында құрылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында ЭЦҚ арқылы қызметтерді алуға болады. ЖҚО қызметкерлері онлайн тәртіпте көрсетілетін қызметтер бойынша қажетті кеңестер береді. Бұл азаматтарға жұмыспен қамту орталығындағы маманға жазылуға кезек күттірм
еуге және COVID-19 пандемиясы аясында физикалық байланыстарды азайтуға мүмкіндік береді. Қызметтерді онлайн тәртіпте ұсыну туралы толық ақпаратты www.enbek.kz сайтынан және жұмыспен қамту орталығынан алуға болады.
Азаматтар көретілген сілтеме арқылы жұмыс іздеуші ретінде Электрондық еңбек нарығында онлайн тіркеуден өте алады.
Источник: Казинформ