Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында докторантураға, магистратураға және басқа біліктілік шараларына түсу емтихандарын өткізу тәртібіне қандай өзгерістер енгізіліп жатқандығы туралы хабарлады.
Республикалық олимпиада туралы
Жақында электронды форматта оқушылар арасында республикалық олимпиада алғаш рет өткізілді. Әр қатысушыға компьютер берілді, әр оқушының іс-әрекетіне бейнекамералар, кезекшілер бақылау жүргізді, сонымен қатар бақылауды арнайы прокторинг жүйесі де жүргізді. Олимпиада барысы әлеуметтік желілерде және арнайы порталда тікелей ашық хабар болып таратылды.
Биыл тапсырмаларды тексеру жүйесі де өзгертілді. Егер дәстүрлі түрде қазылар алқасы мүшелеріне пропорционалды бағалау үшін балалардың жұмысы ұсынылатын болса, енді әділ қазылардың әр мүшесі бағалаудағы субъективтілікті төмендету үшін бір ғана тапсырманы көре және бағалады.
Докторантура туралы
Биылғы жылы докторантураға түсу үшін емтихандар ҰБТ-мен бірдей орталықтарда және бірдей жағдайларда өтеді. Бұл атышулы «ректорлық тізімдерді» ұмытып, ең мықты және лайықты үміткерлердің докторантураға түсуіне мүмкіндік береді», — деді Білім және ғылым министрлігінің басшысы.
Магистратура
Өткен жылы пилоттық жүйеде магистратураға түсу сынағы электронды форматта өткен болатын. Сол сынақтардан өтіп, оқуға түскендер бұл шынымен де әділ емтихандар болды дейді. Биыл бұл формат қалыпты тәртіпте енгізіледі», — деді Министр.
Асхат Аймағамбетов өзінің министр болып тағайындалғаннан кейін бірден мұғалімдерге арналған қағаз форматтан электронды ұлттық біліктілік тестіне ауысқанын еске алды. Осыған байланысты тестілеуді сәтті тапсыратын жандар бірден бірнеше есе азайғанына қарамастан, бұл жүйе сыбайлас жемқорлық пен көшіріп алу жолдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді.
«Осылайша, біз олимпиада, ҰБТ тапсыруды ұйымдастырудан бастап, магистратура мен докторантураға түсуге дейінгі барлық процестерді электронды форматқа ауыстырдық. Нәтижесінде бағалаудың әділдігін қамтамасыз ете аламыз. Бұл формат көмегімен ашықтықты, шынайы бәсекелестікті қамтамасыз етеміз және сенімділікті арттырамыз. Әділдік, ашықтық, академиялық адалдық — бұл біздің жұмысымыздың негізі, — деп атап өтті министр.
Источник: inform.kz