Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында арнайы жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында арнайы жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Нұр-Сұлтан қаласында арнайы жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жастарға арналған баспана мәселесі қандай шешім тауып жатқаны туралы айтып берді, — деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қаланы дамытудың және өмір сүруге қолайлы жағдай жасаудың негізгі мәселелерін талқыладық. Қысқаша екі бағытқа тоқталғым келеді: «Elorda Jastary» жастар бағдарламасы және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жағдай жасау.

Өткен жылы волонтерлермен, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесулерде «Elorda Jastary» бағдарламасының тұжырымдамасын әзірледік. Онда көрсетілген негізгі бағыттар: сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналасуға және жастар кәсіпкерлігін дамытуға көмек көрсету, кәсіптік бағдарлау, бос уақытты тиімді өткізу, салауатты өмір салтын жүргізу және т. б.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Elorda Jastary» бағдарламасының негізгі бағыты – тұрғын үй мәселесі. Ағымдағы жылы елорданың жас мамандарын жеңілдікпен әлеуметтік несиелендірудің жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағдарламаға 36 жасқа дейінгі жастар қатыса алады (жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес). Елордалық тіркелім кем дегенде бір жыл болуы керек және бағдарлама үміткерінің жеке баспанасы болмауы керек. Ресми жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес болуы шарт.

Осылайша аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 13 млн теңгеге дейін қарыз ала алады (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз.

Сонымен қатар осы жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы да жалғасады. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жастар баспаналы болады.

Екінші бағыт – мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Қалада бірқатар әлеуметтік жобалар, соның ішінде «Кедергісіз келешек» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба желісі бойынша 12 бейімдеу секциясы ашылды, республикалық клиникаларға квоталар бөлінді, мүгедектер арбалары және т. б. сыйға тартылды.

Сонымен қатар қалада бірқатар әлеуметтік нысандар салынуда: оңалту орталықтары, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша, паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешенін саламыз.

Мәселен өткен жылы Тұңғыш Президент қоры мен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен №1 қалалық балалар ауруханасының базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Біз сондай-ақ церебралды паралич, аутизм, Даун синдромы және т.б аурулары бар балаларды оңалту мәселелерімен айналысатын бірқатар оңалту орталықтарын аштық. Бұл мәселелер ел басшылығының бақылауында», — деп жазды елорда әкімі.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×