Now Reading
ҰБТ-ны тапсырудың оңай жолдары
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ҰБТ-ны тапсырудың оңай жолдары

ҰБТ-ны тапсырудың оңай жолдары

Қазақстанда жыл сайын жүздеген талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуден өту кезінде өз бақытын, білімі мен жүйке жүйесінің күшін тексереді. Бұрын мектеп бітіруші сынып оқушылары кітапханаларда отырумен уақыт өтізсе, бүгінгі таңда мектеп оқушылары ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады.

ҰБТ — бұл 11 жылдық мектепте оқитын оқушылардың білімін тексеретін тест. 240 минут ішінде студенттер бес пән бойынша емтихан тапсыруы керек. Университетте ақылы негізді білім алу үшін 50 балл жинау жеткілікті. Тесттің максималды нәтижесі — 140 балл.

Сауалнамаға қатысқан мектеп оқушыларының көпшілігі тестілеуге 11-сыныптан бастап дайындала бастағанын айтты. Дәстүр бойынша ҰБТ-ға дайындық кезінде түлектер тест кітаптарын пайдаланады және қосымша сабақтар алады.

 

Репетиторлар немесе Интернеттен алынған ақпарат

ҰБТ-ны сәтті тапсырған оқушылар тест тапсырушыларға Қазақстан тарихына дайындық кезінде ата-анасының ақшасын үнемдеу үшін келесі кеңестер береді. Олардың айтуынша сіз бұл пәнге әр түрлі сайттардан оқып дайындала аласыз, мысалы, itest.k сайтында барлық тақырыптар бойынша дайындалуға болады. Сондай-ақ YouTube немесе Google-ге сұрақтарға жауап уздеу арқылы да дайындалуға болады.

Математика, химия немесе физика пәндерін репетитор көмегімен жетілдірген дұрыс. Ол үшін үш ай бойы курстарға қатысу жеткілікті.

«Осы уақыт аралығында 8-11 сынып аралығында бағдарламаны үйренуге болады. Сонымен қатар егер сіз жақсы оқып, осы пәндерді білсеңіз, онда сіз өз біліміңізді ары қарай шыңдай түсесіз. Өзіңіздің есте сақтау қабылетіңізді дамытып, ҰБТ тапсыру үшін осы пәндерді жаттап алсаңыз дұрыс», — деді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші курс студенті Анаби Алижан.

Ресейдің тапсырмалар жинағымен дайындалып математикалық сауаттылықты арттыруға болады.

 

Біліміңізді қалай тексеруге болады

Бүгінгі күні мектеп оқушылары білімдерін әртүрлі сайттарда — findhow.org, itest.kz, prob-ent.testcenter.kz сайттарында тексере алады. Студенттерге жаттығулардың жүйелі түрде өткізілуіне барынша көңіл бөлуге кеңес беріледі. Алматылық мектеп оқушысы Зере Ержанқызы сынама тесттер қателіктермен жұмыс істеуге, дағдыларды жетілдіруге және жаңа ақпаратты есте сақтауға көмектеседі дейді. Күніне бірнеше рет сынама тесттер жасаған жөн.

 

Уақытты басқару

Мектеп оқушысы Зере ақпаратты есте сақтау қиын болған жағдайда ҰБТ-ға дайындық кезінде Помодоро техникасын қолдануға кеңес береді.

«Егер сіз ештеңе оқи алмасаңыз, ақпарат қабылдай алмасаңыз, сіз үнемі назарыңызды басқа нәрсеге аудара берсеңіз, таймерді 25 минутқа қою керек. Осы уақыт ішінде сіз ештеңеге алаңдамай, уақытты тек сабаққа арнайсыз. Содан кейін сіз бес минут демаласыз, сабақтан басқасының бәрін жасаңыз және мұны 3-4 рет қайталау керек. Егер сіз мұны күні бойы жасасаңыз, бұл ақпаратты жақсы есте сақтауға көмектеседі», — деді Зере.

Оқушылар тестілеуге дайындықты жүйелеп, уақытты біртіндеп көбейтіп, күніне 2-3 сағат бөлуге кеңес береді. Оқулықтардан 24/7 бас алмай отыруға болмайды, мұндай дайындықтың нәтижесі шамалы болады.

 

Моральдық дайындық

Назарбаев Университетінің студенті Алишер Қабыжанов ҰБТ-да ең бастысы — моральдық дайындық екенін атап өтті. Ол барлық жағынан ересектерге тестілеудің маңыздылығын ескертсе де, 10 немесе 11-сыныптың басында көп күш салуға кеңес береді. А.Анаби тестілеу орталығына ҰБТ тапсырардан бірнеше сағат бұрын келуге кеңес береді. Осылайша сол жердің ерекшелігіне бейімделіп қана қоймай, емтихан кезінде қысым мен стресстен аулақ болуға көмектеседі дейді.

«Сіз күйзеліске түсіп, қорқып, тыныштала алмасаңыз, сіз өзіңіз жақсы білген ақпаратты да ұмытып қаласыз. Сондықтан моральдық дайындық өте маңызды», — деді ол.

ҰБТ-ны қалай дұрыс тапсыруға болады

Сауалнамаға қатысқан көптеген оқушылар мен студенттер тестті жеңіл тапсырмалардан бастауға кеңес береді. Біреулер үшін Қазақстан тарихын шешу оңай болса, ал басқалары үшін – математика жеңіл болуы мүмкін.

«Жауапты білмесеңіз немесе ұмытып қалған болсаңыз, уақытты босқа өткізіп, болжам жасаудың қажеті жоқ. Өткізіп жіберіңіз немесе кездейсоқ болжаңыз. Біреу көмектеседі деп үміттенудің қажеті жоқ. Тестілеу кезінде әркім өзі үшін тырысады, өйткені грантқа арналған орындар шектеулі, сондықтан ешкім бәсекелес болғысы келмейді», — деп атап өтті студенттер.

Қазақстан тарихынан тест тапсырған кезде А.Анаби дедукция немесе ассоциация әдісін қолдануға кеңес береді. Бұл тактика сізге қажет ақпаратты логикалық түрде есептеуге немесе есте сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар сұрақты оқып мағынасына назар аудару керек, өйткені студенттер сұрақты түсініп оқымай маңызды нюанстарын жиі жіберіп алады. Математика есептерін соңғысынан бастаған жөн дейді.

«Тестті 30-шы сұрақтан бастап, басына қарай көшкен дұрыс. Тест жасаушылардың арасында осындай қулық кездеседі — басында олар көбінесе қиын, ал жеңіл тапсырмаларды — ортасында немесе соңында қояды. Бұл жерде де қиын сұрақтарды кейінге қалдырып, жеңіл сұрақтардан бастаңыз. Егер сіз бірдеңе шеше алмасаңыз, оны өткізіп жіберіңіз, бір тапсырмада отырып қалмаңыз, оған кейінірек оралғаныңыз абзал», — дейді студенттер.

2021 жылы мектеп оқушылары алғаш рет ҰБТ-ны электронды форматта тапсырады. Студент Ұлттық тестілеу орталығының сайтына тіркелуі керек. Бірақ ең маңызды артықшылығы — түлек тестілеу күнін, уақыты мен орнын өзі таңдайды.

Ақылы негізде жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отырған оқушылар тестілеуді қаңтар-наурыз айларында бірінші болып тапсырды. Грантқа үміткерлерге арналған емтихандар 15 сәуірде басталды және 30 маусымға дейін жалғасады.

+1
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×