Now Reading
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық куәландыру ережелері өзгерді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық куәландыру ережелері өзгерді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық куәландыру ережелері өзгерді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы бұйрығымен көлік құралдарын басқару құқығына үміткер адамдарды медициналық тексеруден өткізу ережелеріне өзгеріс енгізді.

Атап айтқанда қазір флюорографияға қажеттілік жоқ.

Өтініш берушілерді медициналық тексеруге терапевттің, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мамандардың тексеруі, психологиялық белсенді заттарды қолдануына биологиялық ортаны тексеру қажет деп көрсетілген құжатта.

Комиссия құрамына келесі дәрігерлер енеді: терапевт, офтальмолог, оториноларинголог, медициналық психолог, психиатр (немесе арнайы психолог), нарколог.

Сонымен қатар көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы куәлік беру тәртібі өзгертілді.

Құжаттарды қабылдау және медициналық тексеруден өткендігі туралы анықтама беру медициналық ұйымдар арқылы немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Өтінішті электронды түрде ұсыну кезінде көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжат туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» арқылы алады.

Электрондық форматтағы куәлікті алу үшін порталда электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қоя отырып мемлекеттік қызметке өтінім жасау қажет.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «Жеке кабинетке» электронды құжат түрінде жіберіледі.

Егер барлық қажетті құжаттар үсынылмаса немесе жарамдылық мерзімі өткен құжаттар, дұрыс емес мәліметтер ұсынылған болса, онда сізге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

Сонымен қатар медициналық тексерістің теріс нәтижесі бас тартуға негіз болады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндеттерін орындайтын адам қол қоятын бас тартудың негіздерін көрсете отырып, хатпен рәсімделеді, — деп көрсетілген ережеде.

Жүргізуші куәлігін алу үшін келесі құжаттар ұсыну қажет:

• жеке басын куәландыратын құжат;

• медициналық куәландыру нәтижелері (медициналық анықтама);

• мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін төлемді растайтын құжат (мемлекеттік баж 3 мың теңгені құрайды).

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×