Now Reading
2020 жылы 30 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық қайтыс болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2020 жылы 30 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық қайтыс болды

2020 жылы 30 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық қайтыс болды

2020 жылы 30 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

«2020 жылы 31 390 мүгедектігі бар жан қайтыс болды, оның ішінде 19 601 ер адам, 11 789 әйел адам, (оның ішінде 1 топтағы мүгедектігі бар — 7 817 адам, 2 топтағы мүгедектігі бар — 16 259 адам, 3 топтағы мүгедектігі бар — 6 666 адам, мүгедектігі бар балалар — 648 адам).

Өлімнің негізгі себептері жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан — 9027 адам, онкологиялық аурулардан — 6257 адам. Сонымен қатар 2020 жылы қайтыс болған адамдардың орташа жасы 62 жасты құрады», — деп хабарлады Ералы Тоғжанов депутаттың сауалына жауап ретінде.

Ол сондай-ақ БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау шеңберінде, сондай-ақ 2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысында (26.03.2014 ж., №254 ҚРҮҚ) 2014 жылы «Гендерлік ерекшелікті ескере отырып, мүгедектердің өмір сүру сапасы» іріктелген зерттеуі өткізілді. «Осы зерттеу негізінде біз ЛӘИ туралы деректерді алдық, оларды мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қолданады.

Биылғы жылы BigData көмегімен ұлттық статистиканы қалыптастыру процестерін қайта құру тұжырымдамасына сәйкес, барлық мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базалары, оның ішінде ақпараттық жүйелер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субъектінің жеке деректерін беруге келісімі туралы растау құжатын ұсыну мүмкіндігін ескере отырып Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құзыретін кеңейту шаралары қарастырылған»,- деп қорытындылады Е. Тоғжанов.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...