Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында келесі аптаға жоспарланған мәдени шаралар
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында келесі аптаға жоспарланған мәдени шаралар

Нұр-Сұлтан қаласында келесі аптаға жоспарланған мәдени шаралар

Келесі аптада елімізде бірнеше маңызды күн аталып өтеді. Атап айтқанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, ал 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні. 

Елордада осы мерекелерге орай іс-шаралар, көрмелер, концерттер жоспарланған.  Елорда әкімдігі хабарлағандай шаралардың бірқатары онлайн форматта ұйымдастырылады. Атап айтқанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Алжирдің бірегей экспонаттары» атты онлайн-көрмесін өткізеді. Онда Санкт-Петербург, Иерусалим, Тель-Авив, Тбилиси, Алматы қалалары бойынша зерттеу экспедициялары барысында жиналған материалдар ұсынылады. 

Сол күні мұражайдың әлеуметтік желілердегі парақшасында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу мемориалына және «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімін көруге болады. Бірнеше сағаттан кейін мұражай ғимаратында Еуропалық кеңес пен «АЛЖИР» мұражайы ұйымдастырған «Тоталитаризм құрбандарын еске алу – Еуроодақ пен Қазақстан арасында жаңа көпір салу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді. 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «АЛЖИР» мұражайы «Карлаг туралы ақиқат» атты онлайн-көрмесін ұйымдастырады. 

1-3 маусым аралығында «Карлаг балалары» туралы дәріс өткізіледі. 

4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай мұражайда «Бірлік пен бейбітшілік нышандары» виртуалды көрмесі, ал 4 және 5 маусымда «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің нышаны» дәрісі өтеді. 

Балаларды қорғау күніне орай, 1 маусым күні сағат 15:00-де «Наз» мемлекеттік би театры «Бақытты болсын балалар» концерттік бағдарламасын ұсынады. 

Нұр-Сұлтан әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де атаулы күндерден тыс қалмайды. Мәселен, 31 мамырда Мичурино тұрғын алабындағы №10 бұқаралық кітапханада, сондай-ақ №2 балалар кітапханасында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, слайдтар мен көрме стендтері барысында өткен ғасырдың зобалаң жылдары болған оқиғалар туралы айтылады. 

1 маусымда қалалық кітапханаларда балаларға арналған ойын бағдарламаларын, сайыстар, викториналар, ертеңгіліктер өткізу жоспарланып отыр. 

1 маусым күні сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы Ғ.Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінің «Под знаком Белы Бартока» концертіне шақырады.

 4 маусымда филармония ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Желбіреген көк туым» классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің концертін ұйымдастырады. 

5 маусым күні таңертең «Астана» концерт залының сахнасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «JANA TOLKYN» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының I республикалық байқауы өтеді.

 1 маусым күні сағат 11:00-де Астаналық цирк Instagram-дағы ресми аккаунтында (Astanalyqtsirk) цирк әртістерінің өнерін онлайн ұсынады. Ал екі сағаттан кейін цирк «Дети солнца» шарасын тікелей эфирде өткізеді. 

Іс-шаралардың барлығы санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...