Now Reading
Астанада алдағы аптада қандай іс-шаралар өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада алдағы аптада қандай іс-шаралар өтеді

Астанада алдағы аптада қандай іс-шаралар өтеді

Алдағы аптада елордада бірқатар іс-шаралар өтеді. Астаналықтар концерттерге, шоуларға, көрмелерге қатысып, балаларға арналған ойын-сауықты таңдай алады.

 

1 қараша күні сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында аптаның соңына дейін «Тәттілер мұражайы» халықаралық көрмесі өтеді.

 

Сағат 11:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М.Супониннің «Коза-Дереза» ертегісі қойылады, ал кешке сағат 19:00-де «Әлия» спектаклінің көрсетілімі өтеді.

 

Сонымен қатар, «Жастар» театрында елорда тұрғындары «Лифт» спектаклін тамашалай алады, ал М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында театрдың туған күніне арналған концерт өтеді. Кіру тегін.

 

Сағат 19:30-да «Жастар» сарайында елордалықтар «Ретро-хиттер» концертін тамашалай алады.

 

2 қараша күні сағат 11:00-де «Жастар» театрында «Ұр тоқпақ» қазақ халық ертегісі қойылса, сол сахнада «Қанаттылар» инклюзивті театры «Үй таңдаған лақ» ертегісін ұсынады.

 

Кешкі сағат 19:00-де жас көрермендер театрында «Ғашық-Жүрек» музыкалық қойылымы, «Астана Опера» театрында «Қыз Жібек» операсы қойылады.

 

3 қараша күні сағат 11:00-де М.Горький атындағы орыс театрында Т.Уфимцевтің «Щелкунчик» ертегісі өтеді.

 

14:00 және 16:00-де Қуыршақтар театрында «Элвин және жұмбақ орманның тұрғандары» спектаклі көрсетіледі. Қойылымды 4 және 5 қараша күндері көруге болады.

 

Сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Елім деп күй төгемін» атты концерті өтеді. Сондай-ақ, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында А.Чеховтың «Вишнёвый сад» комедиясы өтеді.

 

4 қарашада сағат 11:00-де орыс драма театрында «Братец Лис и братец Кролик» ертегісі, ал кешке сағат 18:00-де «Гроза» спектаклі өтеді.

 

«Жастар» театрында 12:00 және 16:00-де А.Файзуллиннің «Үй таңдаған лақ» қойылымы өтеді.

 

4 және 5 қарашада сағат 16:00-де Елордалық циркте AQUAMARINE суындағы цирк бағдарламасы өтеді.

 

Сағат 18.00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Жас Абай» спектаклі қойылады.

 

Осы уақытта Astana Ballet театрында Марат Бисенғалиевтің қатысуымен «Есімдер» концерті өтеді. Сондай-ақ, «Астана Опера» театрында «Махаббат музыкасы» концертіне немесе Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Түрік сериялдары әлемі» симфониялық музыка концертіне қатысуға болады.

 

5 қараша күні М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М. Супониннің «Коза-Дереза» ертегісі өтеді.

 

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағат 18:00-де Н.Гогольдің Санкт-Петербург әңгімелеріне негізделген «Гоголь. Петербург» сахналық қойылымы өтеді.

 

Сағат 19.00-де елордалық «Жастар» театрында С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған концерттік бағдарламасы өтеді.

 

20.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Владимир Высоцкийдің шығармашылығына арналған «Я люблю, и значит, я – живу!» қойылымы өтеді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×