Now Reading
Жағымсыз контент: желіде балqаларды қорғауға бола ма?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жағымсыз контент: желіде балqаларды қорғауға бола ма?

Жағымсыз контент: желіде балqаларды қорғауға бола ма?

Төрт жастан алты жасқа дейінгі орыс балаларының 80% -ы интернетті пайдаланады. Зерттеулерге сәйкес, кәмелетке толмағандардың үштен бір бөлігі гаджеттерді күнделікті сегіз сағат бойы пайдаланады. Мәскеу мемлекеттік университетінің психология факультеті мектепке дейінгі жастағы әрбір жетінші бала Интернетте орынсыз мазмұнды ақпаратпен кездесетінін алға тартты.

Веб-серфингтің бақылауға алынбаған қаупі қандай және жас желі пайдаланушыларын жағымсыз контенттен қалай қорғауға болады — бұл бүгінгі таңдағы ата-аналар мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мамандар үшін ең өзекті мәселелер болып отыр.

Қазан қаласындағы 19 жасар бала мектепке шабуыл жасап, тоғыз адамды өлтірген қайғылы оқиғадан кейін оның жанкүйерлері әлеуметтік желіде пайда болды. Жасөспірім қыздар кісі өлтірушіге деген сүйіспеншіліктерін жариялап, оның сот залындағы фотосуреттерін жинақтап желіде парақшалар ашуда. Сарапшыларды осындай ауқымды зорлық-зомбылық қылмысына мұндай реакцияның себебі неде деген мәселе толғандырады.

 

Дмитрий Лян — 16 миллион оқырманы бар танымал тиктокер

Оның аудиториясы 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерден тұрады. Дмитрий мектепке шабуыл жасаған Галяевтің танымалдығына бұқаралық ақпарат құралдары кінәлі, сондай-ақ жасөспірімдердің атақты болуға деген ұмтылысы себепкер деп санайды.

Дмитрий Лян, тиктокер:

— Мұның бәрін БАҚ таратады, барлығы негізінен блогер болғысы келетін балалар және жасөспірімдер осы ақпаратты көреді және ақпарат көмегімен өздеріне танымалдық жинауды көздейді.

Ал бұқаралық ақпарат құралдарының бұл ақпаратты таратуы дұрыс екендігіне сенімді емеспін.

Әлеуметтік желілерде кісі өлтірушіге деген сүйіспеншілікті жариялағаны үшін жасөспірімдерге заң бойынша қауіп төнбейді. Мұндай контент үшін провайдерлер мен интернет-платформалар жауап береді. Ресейлік заң саласында улы немесе деструктивті мазмұн туралы түсінік жоқ, бірақ сарапшылар осы түсінікпен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты меңзеп отырады, Бұл есірткіні, зорлық-зомбылықты, суицидті насихаттау, сондай-ақ отбасылық құндылықтардан бас тарту. Мәселенің кең етек алғаны соншалық, ресейлік саясаткерлер мұның бәрін ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайды.

Инга Юмашева, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты:

— Бұл мәселеде белгілі бір динамика бар. Қауіпті мазмұны бар мұндай топтардың саны артып келеді. Бұл қызмет түрі белгілі бір мөлшерде қаржыландырылады. Біз мұны тек Ресей Федерациясынан емес, көршілеріміз — Беларуссиядан, Қазақстаннан, Армениядан және басқа ТМД елдерінен де көреміз. Соңғы 6 айда Роскомнадзорға, прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне жүгіну нәтижесінде біз деструктивті мазмұндағы 200-ден астам топты, оның ішінде суицидтік топтарды жаптық. Бірақ қаптап пайда болып отыратын веб-сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттармен күрес нәтиже бере бермейтіні анық. Заң шығарушылар мәселені мемлекеттік деңгейде шешуге тырысып жатқанда, психологтар ата-аналарға интернеттегі балаларын деструктивтіліктен қалай қорғауға болатыны туралы кеңестер береді. Интернеттегі балалардың қаншалықты қорғансыз екендігі туралы сарапшылардың мәліметтері таң қалдырады. Мысалы кіші мектеп жасындағы балалар Интернетте жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналуда.

Валентина Краснова — 17 баланың анасы және балалар психологиясының маманы. Ол мәселенің шешімін Интернетке дұрыс балама ойлап табу деп көрсетеді.

Валентина Краснова, көпбалалы ана:

— Баланың өмірі қызықты болғанда, баланың оффлайн өмірінде да көп нәрсе болғанда, ол коньки, шаңғыны бағындырған батыр екенін сезіне алады. Әр заманның өз қызығушылықтары, қиындықтары болады. Ата-аналар дер кезінде қажеттілікті қамтамасыз етпеген, салдарынан балалар қаһармандарға айналмай, жеңіс дағдарысына тап болып отыр. Неліктен олардың барлығы цифрлық өмірге көшуде? Себебі ол жерде балалар батырлар. Балалар бұл батырлық сезімін тек желіде сезінеді, өйткені оффлайн режимінде ештеңе жоқ.

Жасөспірімдер шынайы өмірді әлеуметтік желілерге алмастыруда, компьютерлік ойындар тәуелділікке толы дейді психологтар.

Жасөспірімдер біртіндеп шындық өмір мен виртуалды өмір ара жігін ажыратудан қала береді, осындай психология салдары мектеп атқыштарының көбеюіне ықпал етеді.

Евгений Фомин, психотерапевт:

— Әрине, бәрін бақылау және шектеу керек. Компьютерлік ойындар бір жағынан ойын-сауық іспетті. Бірақ бұл бір-екі сағатпен шектелуі керек. Олар құмар ойындарына тәуелділікті дамытады. Ал адам мысалы компьютерлік ойында 18 сағатын өткізеді. Бұл шындық. Қазірдің өзінде балалар шынайы өмірде емес, сол виртуалды әлемде көбірек уақыт өткізеді.

Киберқауіпсіздік компаниясының зерттеуіне сәйкес, Ресейдегі әрбір үшінші жасөспірім Интернеттегі қауіп-қатерге тап болады, ал мектеп жасына дейінгі жетінші баланың бірі Интернеттегі орынсыз ақпараттарды көреді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×