Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ашық аспан астындағы кітапхана ашылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ашық аспан астындағы кітапхана ашылады

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ашық аспан астындағы кітапхана ашылады

Кітап пен поэзияны сүйетіндер үшін Нұр-Сұлтан қаласында «ашық аспан астындағы кітапхана» ашылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бұл елордадағы мұндай алғашқы акция. «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырған іс-шара жазғы маусым бойы әр сенбі сайын өткізілетін болады. Ашылу салтанатына ақын, әдебиет сыншысы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Қапұлы қатысады. Ол өлеңдерін оқып, репертуарындағы бірнеше әндерді орындайды.

Іс-шара 12 маусымда сағат 11-де өтеді. Өтетін орны: Жазушылар аллеясы (Абай даңғылы мен А. Сенбинов көшесінің қиылысы). Кітапқұмарлардың кездесулері қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетінін атап өткен жөн.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...