Halyk Bank клиенттеріне банк бөлімшелерінде қаржылық қызметтерді алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ. Бұл ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «ҰАТ» АҚ еліміздің ірі қаржы институтымен бірлесіп іске қосқан цифрлық құжаттар қызметінің арқасында мүмкін болды. Қызмет Банктің клиенттермен өзара іс-қимылын ыңғайлы етуге және Halyk Bank-те қызметтерді алу кезінде қағаз құжаттарды ұсыну қажеттілігінсіз ақпарат алуға мүмкіндік береді. Енді клиентке eGov Mobile-да алынған цифрлық жеке куәліктің бірегей кодын жазу жеткілікті болады.
Банк менеджері өзінің базасына бірегей кодты енгізеді және жүйе клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты автоматты түрде жүктейді. Клиентті сәйкестендіру механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тұлғалар тарапынан мүмкін болатын алаяқтық әрекеттерді болдырмайды, айта кету керек, цифрлық құжаттарға ие бола отырып, Halyk Bank клиенті келесі қаржылық қызметтерді ала алады:
картаны шығару, қайта шығару;
шот және депозит ашу;
шоттың бар екендігі туралы анықтама алу;
20 таңбалы шоттар туралы хабарлама алу;
өз шоттарыңыздың арасында ақша аудару;
деректерді өзгерту.
Код автоматты түрде жасалатынын және ешқашан қайталанбайтынын ескеріңіз. Бірегей кодты жасау және банк бөлімшесінде қызмет көрсету үшін сізге:
eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту;
«сервистер» бөлімінде «цифрлық құжаттарға» өту»;
жеке куәлікті таңдау;
құжатқа қатынауды ашу;
менеджерге экранда көретін қысқа кодты жазыңыз.
Қазіргі уақытта Цифрлық құжаттар сервисінде құжаттардың он бес түрі ұсынылған: ҚР азаматының жеке куәлігі, некені тіркеу немесе бұзу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі, жүргізуші куәлігі, білімі туралы диплом, студенттік билет, ПТР-тест нәтижелері және басқалар.