Now Reading
Үкіметте 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Үкіметте 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді

Үкіметте 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлады премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады.

 

Ағымдағы жылдың басынан бері өндірістік жарақаттану деңгейі 1 мың адамға 0,08 құрады (5 ай 2020 ж. — 0,07). Ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр айларында республика кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардың салдарынан 564 адам зардап шекті, оның ішінде 19,5% — тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында, 4,5% — коммуналдық шаруашылықта және 10% — құрылыс саласында.

 

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында сақталуда. Бұл көрсеткіштің төмендеуінің оң серпіні Қостанай және Павлодар облыстарында байқалады.

 

Отырыста 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді. Құжат тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғыртуды, жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелді азайту бойынша жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамытуды, әлеуметтік әріптестікті дамытуды көздейді.

 

Жоспарды іске асыру нәтижесінде өндірістік жарақаттану 10% — ға, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер саны 20% — ға дейін төмендейді деп күтілуде.

 

«Өндірістік кәсіпорындарда «Vizion Zero» халықаралық нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын белсенді түрде енгізу қажет. Жарақаттану бойынша әрбір жағдай ТЖМ-де мұқият талданып, қорытындысы бойынша оларды азайту бойынша кешенді шаралар әзірленуі тиіс. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін енгізу қажет», — деді А.Мамин.

 

 

Премьер-Министр тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласы кәсіпорындарына ерекше назар аудара отырып, өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Үкімет басшысы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жұмыс берушілер үшін еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестікті өзің-өзі бақылау бойынша онлайн-платформа әзірлеуді, сондай-ақ Үкіметтің қарауына еңбек жағдайларын жақсартуда жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыруды арттыру бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

 

Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қауіпті өндірістік объектілердегі апаттылықты азайту жөніндегі Жол картасын бекітуді тапсырды.

 

Өңірлердің әкімдіктеріне кәсіпорындармен бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша Жол карталарын бекіту тапсырылды. Премьер-Министр сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін кәсіпорындармен өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×