Now Reading
6 жыл бойы бір ауылда жалғыз өзі тұрып жатқан тұрғын
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 6 жыл бойы бір ауылда жалғыз өзі тұрып жатқан тұрғын

6 жыл бойы бір ауылда жалғыз өзі тұрып жатқан тұрғын

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдар жойылып барады. Олардың кейбірінде бір ғана адам өмір сүреді, барлығы ауылды тастап кетіп жатса да, кейбір адамдар өздерінің туған жерлерінен кеткілері келмейді және күндердің күнінде ауылға көршілер келіп қоныстанады деп үміттенеді.

 Қазіргі күннің Робинзоны туралы «Еуразия» бірінші арнасының сюжетінде  айтылған болатын. Александр Бурмагин үшін ауылға түсіру тобының келуі мерекеге айналды, адамдармен сөйлесу, өзін көрсету, көкөніс бағын көрсету, әлемде не болып жатқанын білу керемет сезмдер сыйлады. 

Кейіпкер 20 жылдан бері қалада болмаған, жақында ғана зейнетақы тағайындау үшін қалаға барған. «Қала қатты өзгерген. Биік үйлер қаншама», — деп Александр өзінің әсерімен бөлісті. 

Янцено селосының негізін неміс қалаған. Оның ұрпақтары Германияға қоныс аударған. Ауылдың өзге тұрғындары да кеткен. 

6 жыл бұрын Александр Бурмагиннің әйелі қайтыс болған, сол кезден бастап ол Робинзон тәрізді жалғыз қалған. Тек Жұма атты серіктестің орнына оның Боран атты иті және Сыған деген мысығы бар. 

«Мен неге көп сөйлеп кеттім дейсіздер ме?! Мен адамдарды көрмегелі көп уақыт өтті. Менде бәрі бар, тек бақыт жоқ», — дейді Александр. 

Александр сыпырғыш тоқып, оны сатумен күн көреді. 

Аймақта бір адам ғана қалған ауылға адамдар қайтып оралған бір ауыл бар. Прекрасное ауылы 7 жыл ішінде картадан қайта пайда болды, қазір бұл ауылда 30 адам бар. 

Александр Янценоны да сол күнге жетеді деп күтіп жүр. 

Александрдың төрт баласы және немерелері бар, бірақ олар алыста. 

Янценоның соңғы қамқоршысы өзінің 63 жас туған күнін тамызда атап өтеді. Мүмкін ол туған күнін жалғыз атап өтетін шығар. 

Бүгінгі күні СҚО-да 112 ауыл бар, ол ауылдарда 50-ден аз тұрғын қалған, оның ішінде 25 ауылдың  тұрғыны 10 адамнан аспайды, ал бесеуінде бір-бір отбасы бар. 

Урбанизация процесі қайтымсыз, ауыл тұрғындарының саны күрт азайып келеді.  Облыстық экономика басқармасы ауылдық аймақтар бөлімінің бастығы Жанар Ахмиеваның айтуынша, соңғы 5 жылда облыста 38 ауыл таратылған. Бірақ соңғы екі жылда бұл бағытта ешбір қадамдар жасалмады, өйткені халық санағы жүріп жатыр.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×