Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында үш жыл ішінде 10 мың адам кәсіпкерлік негіздерінен білім алған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында үш жыл ішінде 10 мың адам кәсіпкерлік негіздерінен білім алған

Нұр-Сұлтан қаласында үш жыл ішінде 10 мың адам кәсіпкерлік негіздерінен білім алған

«Нұр-Сұлтан» кәсіпкерлер палатасы жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқулар өткізеді. Курстар барысында студенттер өз ісін қалай және қай жерден бастау керектігін, кәсіп ашуға немесе кеңейтуге қаражат қайдан алуға болатындығын, салық және бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігін, кәсіпкердің жауапкершілігі туралы білім алады.

«Оқудан кейін студенттер грант алу конкурстарына қатысу құқығын беретін сертификат алады. Мәселен 2019 жылы «Жас кәсіпкер» және «Бастау Бизнес» жобаларына 1089 грант берілді. 2020 жылы карантиндік шараларды ескере отырып, оқыту онлайн тәртіпте өтті. 1 502 адам тиісті «Бастау Бизнес» сертификатын алды. Бұл ретте 514 жоба тыңдаушылары қаржыландырылды, оның ішінде 15 қатысушы «АШҚҚҚ» АҚ-дан жалпы сомасы 142,5 млн.теңгеге шағын несие алды, 200 АЕК — 482 жоба көлемінде өз жобаларын іске асыруға 266,8 млн.теңге көлемінде гранттық қаржыландыру алды. 

Сондай-ақ «БЖК 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 17 жоба 75,5 млн.теңге сомасына гранттық қаржыландыру алды. Жалпы қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 500 млн теңгені құрады», — деді «Нұр-Сұлтан» кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

Биылғы жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1200 адамды оқыту жоспарланған, бизнес-идеяларды дамытуға 200 АЕК-ке дейін 400 грант бөлінген.

«Жыл басынан бері 19 комиссия отырысы өткізілді, онда жалпы сомасы 102,6 миллион теңгеден асатын 200 АЕК-ке 176 грант бөлу мақұлданды. Халықтың сұранысының артуына байланысты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тағы 200 грант сұрады, бұл мәселе қарастырылуда», — деп қосты Алмат Жүнісов.

Жобалардың ең көп саны жеңіл өнеркәсіпке қатысты — тігін шеберханасы, ателье, екінші орында — сұлулық салондарының қызметі, үшінші — наубайхана және кондитерлік өнімдер және басқа тамақ өнімдерін шығару.

Сондай-ақ жартылай фабрикаттар өндірісіне, тамақтандыру орындарын ашуға, автокөлік қызметтері мен техникалық қызмет көрсету станцияларын, дүкендерді ашуға, жиһаз, кәдесыйлар мен дәптерлер шығаруға, зергерлік бұйымдар мен қыш ыдыстарды, спорт, құрылыс, және дизайнерлік қызметтер де сұранысқа ие салалар.

«Мемлекеттік бағдарламалар экономикадағы бизнес үлесінің артуына түрткі болады. Елорданың бизнесі бүкіл республика бойынша қаланың ЖӨӨ өндірісіне ең үлкен үлес қосуда, 2020 жылдың аяғында 57,2% құрады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2021 жылы 9,8% өсіп, 156 602 бірлікті құрады», — деп түйіндеді Алмат Жүнісов.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×