Now Reading
Аға буын арасында еріктіліктің жаңа бағыты дамуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Аға буын арасында еріктіліктің жаңа бағыты дамуда

Аға буын арасында еріктіліктің жаңа бағыты дамуда

Қазақстанда еріктіліктің жаңа бағыты дамуда. Қызылорда облысының аға буын өкілдері «күміс» деп аталатын еріктілер қатарына белсенді қосылуда. Зейнеткерлер қайырымдылық шараларына қатысып және патриоттық-сауықтыру шараларына бастамашылық етуде.

Гүлжахан Мырзағалиева игі іске жас кедергі болмайды деп санайды. Гүлжахан бірнеше жылдан бері шала туылған нәрестелерге киім тоқумен айналысады. Дайын өнім жас аналарға беріледі.

Гүлжахан Мырзағалиева, «күміс» ерікті:

— Адамдарға көмектесу — менің жүрегімнің қалауы. Біз тоқыған киім сәбилердің өмірін сақтайды. Күміс еріктілер клубы қамқор адамдар қоғамы. Біз көмектесіп қана қоймаймыз, мұнда біз пікірлес адамдарды табамыз, тәжірибе алмасамыз, бір-бірімізді қолдаймыз.

Алтынкүл Сейдахметова, «күміс» ерікті:

— Волонтерлік — бұл жан серпіні. Біз балаларға көмектесеміз. Біз жасымызға қарамастан көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысамыз.

Ерікті болу — бұл өмір салты, дейді 60 жастағы Гүлмира Мұхамбеталина. Саябақта таңертеңгілік жаттығуларды ұйымдастыру, ағаш отырғызу, жоғалған адамдарды іздеу, ерекше балалармен қабырға бояу.

Жастар еркелетіп атайтын Гуля апай әрқашан алғашқылардың бірі болып саналады. Сондықтан да жаңа еріктілер бағытын әзірлеу оған сеніп тапсырылған болуы мүмкін.

Гүлмира Мұхамбеталина, «Күміс еріктілер» жобасының аймақтық үйлестірушісі:

— Кейбір адамдар жасынан ұялады, мен зейнет жасындамын. Менің жасымдағылардың көпшілігі немерелерден бос емес, кейбірі бұл іске жандары қалап тұрса да жеңіл қарайды. Ең бастысы осы бастапқы сезімді жеңе алу қажет. Біз табиғатқа шығып адамдарды өздерін еркін сезінуі үшін командамен тимбилдинг ұйымдастырамыз.

Сіз де елуден асқандар еріктілер қатарына қосыла аласыз. Жас шегі шектелмеген. Басты шарт — көмекке ұмтылу. Әр адам өзіне ұнайтын бағытты таңдай алады: салауатты өмір салты, экологиялық, мәдени немесе патриоттық.

Ольга Чебакова, «Қызылорда еріктілері» ҚҚ атқарушы директоры:

— Біз онлайн-сауалнама жүргіземіз. 50 жастан асқан кез келген адам осы форманы толтыра алады. Сауалнамадан соң үміткер автоматты түрде базаға енгізіледі. Аға ұрпақтың өзіндік ерекше тәжірибесі бар. Олардың бұл тәжірибемен бөлісуге зор мүмкіндігі бар. Бұл тәжірибені өз тобыңызда ғана емес, сонымен бірге өз тәжірибеңізді жас ұрпаққа жеткізуге болады, бұл қазіргі уақытта өте маңызды. Жастарға қай жерде туғандарын, қандай дәстүрлер бар екенін ұмытпауы үшін мәдени мұраларды жеткізу өте маңызды.

Бүгінде елдегі «күміс» еріктілер қатарында 70-ке жуық адам ғана бар. Қызылордалық ата-әжелер көшбасшылардың қатарында. Биыл олардың қатысуымен елуге жуық шара жоспарланған. Сондықтан жақын арада еріктілер қатары ересек жастағы жандармен толықтырылуы мүмкін.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×