Now Reading
Ұлттық олимпиада комитеті мен ЮНЕСКО ерекше балаларды құттықтады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ұлттық олимпиада комитеті мен ЮНЕСКО ерекше балаларды құттықтады

Ұлттық олимпиада комитеті мен ЮНЕСКО ерекше балаларды құттықтады

ЮНЕСКО мен Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер арасында Халықаралық Олимпиада күнін атап өтеді. Биылғы жылы карантинге және коронавирустық пандемияға қарамастан, Алматыдағы балалар хосписінің жасөспірімдері өздерінің сүйікті спортшыларымен кездесіп, өз әңгімелерін айтып, басқалардың әңгімелерін тыңдап, ауруға қарсы күресте өздеріне энергия пен мотивация алды.

«Мен сенімен біргемін» хоспис паркінде Олимпиада чемпионы және ЮНЕСКО-ның ізгі ниетті елшісі Серік Сәпиев балаларға олимпиадалық қозғалыстың негізгі принциптері — адалдық, әділеттілік, өзара түсіністік және нағыз олимпиадашылардың басты құпиясы, ішкі мінезі туралы айтып берді.

Токио қаласындағы Олимпиадаға ұшуға дайындалып жатқан гимнастшы Алина Әділханова әділ күрестің спорттық принциптері, қарсыластарын құрметтеу оған өмірде қалай көмектесетінін айтып, шеберлік сыныбын өткізді.

Өзіңді жеңіп, тіпті ең кішкентай жеңіске де қуану маңызды, мұны барлық спортшылар біледі, бұл балалар да өте жақсы біледі. Бұл балалар рухы бойынша нағыз олимпиадашылар, батырлар және чемпиондар! Мен оларға денсаулық, сәттілік тілеймін және Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтаймын! — деді гимнастшы Алина Әділханова

Дәстүр бойынша қатысушыларға Ұлттық олимпиада комитетінің арнайы дипломдары мен сыйлықтары табысталды.

ҰОК мен ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілдігі арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатылған. Тараптар балаларға көмектесуге және олимпиадалық мәдениетті таратуға бағытталған көптеген бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

Қазақстанның ҰОК Халықаралық олимпиада комитетімен олимпиадалық қозғалысты және жалпы спортты бейбітшілікті, білімді нығайту үшін біріктіруші күшке ие адамның дамуы мен әл-ауқатын көтеру құралы ретінде дамытуда өзара ынтымақтастық орнатқан.

Жыл сайын ең жас балалар барлық аймақтардағы Халықаралық Олимпиада күнінің басты қатысушылары болады. Балалар жаңа спорт түрлерімен танысады, жарысқа қатысады, танымал қазақстандық спортшылармен кездеседі. Спортшылар мен ҰОК бұл кездесулер дені сау, өз елі мен спортты сүйетін жас азаматтардың қалыптасуына әсер етеді деп үміттенеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×