Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі кәмелетке толмағандар арасында буллингтің (кибербуллинг) алдын алу қағидаларын әзірлейді.
Бұл туралы ведомство басшысы Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Министрлік психологиялық қызметтерге қойылатын бірыңғай талаптарды және кәмелетке толмағандар арасындағы қорлаудың (кибербуллингтің) алдын алу ережелерін әзірлеуде», – деді шенеунік.
Сондай-ақ, оның айтуынша, мектеп пен баланың өзара іс-қимылының жаңа форматын енгізу жоспарлануда.
Бұған дейін Үкіметтің сол отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшысы оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берген болатын.
Осы жылдың наурыз айында Парламент Мәжілісінің жұмыс тобы аясында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар қарастырылатыны хабарланды.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Динара Закиева өткен жылы елімізде жасөспірімдердің суицидтен қайтыс болу статистикасын көрсетті. Оның айтуынша, өткен жылдың өзінде 143 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсады, ал 306 кәмелетке толмаған суицид жасауға тырысты.
Ол сондай — ақ, технологиялардың дамуымен, әлеуметтік желілердің танымал болуымен, қудалаудың жаңа түрі-кибербуллинг өзекті бола түскенін атап өтті.
Ішкі істер министрілігіні басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев заңнамаға буллинг ұғымын енгізу жасөспірімдер арасындағы мәселелер шеңберін белгілеуге мүмкіндік береді деген пікір білдірді.
Ол сыныптастарының қорлауына байланысты бала өзін-өзі өлтірген мектептердің бірінде қайғылы жағдайды мысалға келтірді.