Now Reading
Елордалық тұрғын үй Орталығы көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдаудың басталғанын жариялады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордалық тұрғын үй Орталығы көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдаудың басталғанын жариялады

Елордалық тұрғын үй Орталығы көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдаудың басталғанын жариялады

Тұрғын үй орталығы көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлады. Бағдарламаға «көп балалы отбасылар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көп балалы отбасылар қатыса алады.

 

Бағдарлама аясында Қордай көшесі, 79, 79а, Абылай хан даңғылы, 56, 56а мекен-жайлары бойынша 285 екі бөлмелі пәтерлер (53,4-57,7 ш.м.) берілетіні белгілі.

 

Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz портал арқылы 27 маусым түн ортасынан 7 шілде 23:59 дейін жүзеге асырылады.

 

Ізденушілер Нұр-Сұлтанда «көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұруы тиіс. Қатысуға өтінімдерді барлық жылдардағы кезекте тұрғандар бере алады (2006-2021). Алайда қатысуға өтінім бергендердің арасында кезекке ерте тұрғандардың пәтер алу мүмкіндігі көп.

 

Қажетті құжаттар:

 

1) ЭЦҚ кілті.

 

2) ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы отбасының барлық мүшелерініне берілетін анықтаманың сканерленген нұсқасы.

 

3)балалардың туу туралы куәліктерінің сканерленген нұсқасы/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (бар болса)

 

4) неке қию/некені бұзу/ әке болуды анықтау туралы куәліктің сканерленген нұсқасы/ №4 нысан/ қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда).

 

5) жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының сканерленген нұсқасы (бар болса).

 

6) мүгедектіктігі бар жандардың анықтаманысының сканерленген нұсқасы (бар болса).

 

7) созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты (бар болса) көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының сканерленген нұсқасы.

 

Өтінімдерді қарау нәтижелері zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарда және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

 

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:

 

1) Тұрғын үйдің осы түрі қанша жылға беріледі?

 

Тұрғын үй беру кезінде ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Тиісінше, сіз әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасасу арқылы шексіз уақыт пәтерде тура аласыз.

 

2) Менің отбасым — көп балалы отбасы, бірақ мен «толық емес отбасы»/ «мемлекеттік қызметші» және т. б. ретінде тұрғын үйге кезекте тұрмын, өтінім бере аламын ба?

 

Жоқ, тек «көп балалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар ғана өтініш бере алады.

 

3) Мен тұрғын үй мекенжайын таңдай аламын ба?

 

Жоқ, пәтерлер отбасы құрамына байланысты квадратураға бөлінеді.

 

4) Мен белгілі бір қабатты таңдай аламын ба?

 

Жоқ, бірақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар жандарға пәтер екінші қабаттан жоғары берілмейді.

 

5) Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алғаннан кейін мені кезектен шығарады ма?

 

Иә, кезектен шығарады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×