Now Reading
Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 194 мыңнан астам қызмет алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 194 мыңнан астам қызмет алды

Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 194 мыңнан астам қызмет алды

Ағымдағы жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 162,1 мыңға жуық мүгедектігі бар жандар оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6,4 мыңы ымдау тілі қызметін, 25,5 мыңы жеке көмекшісінің қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

 

Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерге (бұдан әрі – КӘП) 44 000 тапсырыс берілді.

 

Портал мүгедектігі бар жандарға техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек көрсету түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген ОТҚ-ды жеткізу немесе өздігінен жеткізу арқылы алуға болады.

 

Мүгедектігі бар жандарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ мүгедектігі бар жандарды арбаларымен қамтамасыз етуді қамтиды.

 

Бүгінгі таңда Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 816 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімше), 230 ОТҚ жеткізушісі, 24 мыңнан астам жеке көмекші қызмет көрсетуші, 623 ымдау тілі, 89 санаторий-курорттық емдеу және 61 КӘП жеткізуші тіркелген.

 

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

 

Порталды пайдалану бойынша кеңестерді қолдау қызметінің байланыс орталығынан алуға болады, оған 1414 бірыңғай нөмірі арқылы, тілді таңдап, 5 санын басу арқылы қол жеткізуге болады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×