Now Reading
Инклюзивті қоғамды дамыту үшін қажетті заңнамалық база жасалуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Инклюзивті қоғамды дамыту үшін қажетті заңнамалық база жасалуда

Инклюзивті қоғамды дамыту үшін қажетті заңнамалық база жасалуда

Мәжіліс депутаттары аймақтарға сапарлары аясында әлеуметтік мәселелерді шешуге бірінші кезекте назар аударуға ниетті. Бүгін мәжілісмендер Джамиля Нұрманбетова, Елдос Абаканов, Динара Закиева және Лариса Павловец елордадағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

№1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы негізінде құрылған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының «Қамқорлық» оңалту орталығында парламентшілер ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелері қалай шешіліп жатқанын көріп қайтты. Сонымен бірге инклюзивті қоғамды дамыту мен оңалтудың барынша қол жетімділігінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Орталық мамандары әр баланың ауруының ерекшеліктерін ескере отырып, оның оңалту емінің жеке бағдарламасын жасайды. Балалармен невропатологтар, дефектологтар, психологтар айналысады. Оңалту үшін моториканы дамытудың заманауи технологиялары, тренажерлар және аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылады.

Өткен жылдың желтоқсан айында құрылған орталықта қазірдің өзінде 300 бала оңалту курсынан өтті. Мұнда жылына шамамен 600 бала қажетті ем-дом ала алады.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Джамиля Нұрманбетованың айтуынша, бүгінде Қазақстанда жүйелі түрде оңалтуды қажет ететін 90 мыңнан астам бала бар және мекемелердің жоқтығынан олардың тек 50% -ы қажетті ем-домға қол жеткізе алады.

«Елбасының бастамасымен мұндай орталықтар бүкіл елде ашылуда. Бұл «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі пункттерінің бірі және Жол картасы. Біздің елімізде инклюзивті қоғамды дамыту үшін депутаттар бірқатар заңдармен жұмыс жасауда. Осылайша инклюзивті білім туралы заң қабылданды. Мәжіліс депутаттары азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау туралы заң жобасын мақұлдады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың нормаларын да қарастыратын әлеуметтік кодекс қабылданады. Мұның бәрі әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанға осындай санаттағы адамдар үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік береді», — деді Джамиля Нұрманбетова.

Мәжіліс депутаты Динара Закиева атап өткендей, қазір Парламентте қаралып жатқан баланың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы аясында депутаттар осындай оңалту орталықтарын барлық аудандарда ашу мүмкіндігіне бағытталған түзетулер енгізді.

Сонымен қатар мәжілісмендер 1200 орындық мектептің, сондай-ақ Нұр-Сұлтан тұрғын алабындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс барысын тексерді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×