Now Reading
Мыңдаған отбасыға «Елбасы жылуы» акциясы аясында азық-түлік таратылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мыңдаған отбасыға «Елбасы жылуы» акциясы аясында азық-түлік таратылады

Мыңдаған отбасыға «Елбасы жылуы» акциясы аясында азық-түлік таратылады

«Елбасы жылуы» қайырымдылық жобасы Ақмола және Алматы облыстарын, Тараз және Талдықорған қалаларын қамтыды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған.

Акция осымен екінші рет өткізіліп отыр. Екінші кезең шеңберінде мың отбасы қажетті азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек алады. Бұл ұн, картоп, жемістер, күріш, қарақұмық, шәй, қант, күнбағыс майы, гигиеналық құралдар. Әр азық-түлік себетінің салмағы 130 кг. Қайырымдылық көмек аз қамтылған көп балалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетіледі.

Акцияны ұйымдастырушылар «Дегдар» гуманитарлық қоры, Нұрсұлтан Назарбаев қоры. Акцияны жүзеге асыруға LIDER KZ еріктілер қозғалысының мүшелері қатысады.

Қазірдің өзінде гуманитарлық азық-түлік себеттерін алған тұрғындар ұйымдастырушыларға шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлының айтуынша акция шамамен 10-15 шілдеге дейін жалғасады.

«Пандемия кезінде көптеген азаматтар қиын жағдайға тап болды. Көптеген отбасылардың табысы белгілі бір деңгейде төмендеді, бұл олардың әлеуметтік жағдайына кері әсер етті. Осындай отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында біз «Елбасы жылуы» жобасын іске қостық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі бұл жобаға қолдау білдіріп, оның жүзеге асырылуын мақұлдады. Акцияның екінші кезеңінен кейін пандемиядан көп зардап шеккен басқа аймақтарда мониторинг жүргізілетін болады. Еліміздің тұрғындары мен басқа елді мекендеріне қолдау көрсету шаралары қабылданатыны сөзсіз», — деді ол.

Жобаның әлеуметтік маңызы зор. Бұл туралы «Дегдар» гуманитарлық қорының директоры Лаура Ахметова айтты.

«Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясының бірінші кезеңі бізге бұл шынымен де өте қажет және маңызды жоба екенін әрі қарай жалғастыруды қажет ететіндігін көрсетті. Бұл жолы акциялық өнімдердің жалпы салмағы 120 тоннадан асып түсті. Біздің халқымыз әрқашан өзара көмек беру дәстүрлеріне берік болған және бұл бастама біздің отандастарымыздың арқасында жалғасын табатынына сенімдіміз», — деді Л.Ахметова.

Ұйымдастырушылар атап өткендей «Елбасы жылуы» жобасы мұқтаж отбасыларға мейірімділік пен көмек әкеліп қана қоймай, оларға жан-жақты қолдауды сезінуге және халықтың бірлігін нығайтуға көмектеседі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×