Now Reading
Хакерлер eGov порталын бұзып әкімдік атынан зиянды файлдар жүктеген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Хакерлер eGov порталын бұзып әкімдік атынан зиянды файлдар жүктеген

Хакерлер eGov порталын бұзып әкімдік атынан зиянды файлдар жүктеген

Электрондық үкімет порталында «Razy отбасы» деп аталатын зиянды бағдарламалық өнім табылған.

«Зерде ҰАХ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Razy отбасы» үлгілері кеңсе құжаты (Word, Excel және Adobe PDF) ретінде пайдаланушыларға жұқтыру үшін жасырылатын трояндық жүктеуші болып табылады.

«Көбіне киберқылмыскерлер Razy-ді зиянды бағдарламалық өнімді ресми сайттарда орналастыру әдісін қолдана отырып таратады, осылайша шабуылдаушы әлеуетті құрбанның сеніміне қол жеткізеді», — деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Отандық T&T Security антивирустық компаниясы Zerde компаниясымен бірге бірнеше жағдайларды талдады, бірақ электронды үкімет порталындағы «суару» әдісіне ерекше назар аударды.

«Шабуылшылар сайтқа файлдарды жүктеуге рұқсат алып және кеңсе құжаттары атын жамылып, зиянды бағдарламалық өнімді жариялаған. Айта кету керек, бірінші құжат — облыс әкімдігінің қаулысы, ал екінші құжат — әкімдік бюджетінің қаржылық қорытындысы», — деп түсіндірді Зерде холдингі.

Киберқылмыскерлер жәбірленушіге қолайлы құжаттарды іздеп, содан кейін оларды соңғы зиянды файлға енгізеді.

Қазіргі уақытта зиянды бағдарламалық өнімді басқару орталығы (C&C сервері) өшірілген және бұл нысандар қосымша зиянды функцияны жүктей алмайды. Бұл зиянды контентті локализациялау және бұғаттау үшін мамандар қауіпті сәтті анықтайтын және блоктайтын tLab жүйесін қолданды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...