Now Reading
Қарағанды облысында өрт сөндірушілер дала өртін сөндіріп жатыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағанды облысында өрт сөндірушілер дала өртін сөндіріп жатыр

Қарағанды облысында өрт сөндірушілер дала өртін сөндіріп жатыр

Өрт сөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дала өртін сөндіруді жалғастыруда, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында бір табиғи өрт және төрт дала өрті тіркелді. Жалпы 142 гектар аумақта барлық дала өрттері жойылды.

   Өрт сөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданында алдын ала болжамға сәйкес шамамен 4000 гектар алқаптағы дала өртін сөндіруді жалғастыруда.

Өртті сөндіруге барлығы Қарағанды облысының 229 адамы мен 66 бірлік авариялық-құтқару құралдары, жергілікті атқарушы органдар, ерікті өрт сөндіру бөлімдері, орман шаруашылығы және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

   

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...