Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Telegram желісіндегі ресми каналы жаңа оқу жылын қашықтықтан бастау туралы шешім қабылданды деген ақпараттың теріс екендігін хабарлады.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтағы форматта басталады деген хабарды таратуда. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте айтты делінген аталмыш хабарда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мұндай мәлімдеме жасаған жоқ», — делінген хабарламада.
Оқытудың форматы туралы шешімді Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және облыстардың бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды, деп қосты Білім және ғылым министрлігі.