Now Reading
Алматы қаласында мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз етуді қалай жоспарлап отыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматы қаласында мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз етуді қалай жоспарлап отыр

Алматы қаласында мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз етуді қалай жоспарлап отыр

Алматыда коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж 30 880 азамат есепте тұр.

Бұл туралы Алматы қаласының тұрғын үй саясаты бөлімінің басшысы Данияр Кірікбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында айтты. Д.Кірікбаевтың айтуынша, бүгінде коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж жандардың есебінде тұрған 30 880 азамат бар. Оның ішінде: 1908 — жетім балалар; 3,268 — көп балалы отбасылар; 11 292 — бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері; 14 412 — халықтың әлеуметтік осал топтары.

«Жыл басынан бері 1909 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 41 адам коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алды, яғни сатып алу құқығынсыз жалдау ақысын төлеп тұратын үйлер, 1117 — «Шаңырак» бағдарламасы бойынша шамамен 13 миллиард 500 миллион теңгеге баспана алған, тағы 85 адам — «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша (2-10- 20) 118 млн 400 мың теңге сомасына және 666 адам «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша (5-10-25) 8 миллиард 800 миллион теңге сомасына баспана алған»,-деді Тұрғын үй саясаты бөлімінің басшысы.

Д.Кірікбаевтың айтуынша биыл 6047 алматылықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Оның ішінде 1451 адам жалдамалы тұрғын үйге сатып алу құқығынсыз көше алады, 401 адам кезекте тұрғандар сатып алу құқығынсыз жалға алуға сене алады (185 — көп балалы отбасылар; 216 — халықтың әлеуметтік осал топтары). 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін 1050 пәтер сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілді, 35 жасқа дейінгі «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1000 пәтер беріледі.

«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шаңырақ», «Бақытты отбасы»,«Несиелік тұрғын үй» жеңілдік несиелі бағдарламалар бойынша бастапқы төлем үшін номиналды құны 1 миллион теңге болатын 2000 қайтарылмайтын тұрғын үй сертификатын беру туралы шешім қабылданды, — деді Д.Кірікбаев. Тұрғын үй сертификатын жетім балаларға, көп балалы отбасыларға, мүгедектігі бар балалы отбасыларға, I және II топтағы мүгедектігі бар жандарға алуға болады. 2 шілдеден 17 тамызға дейін 127 өтінім қабылданып, мақұлданған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×