Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында балалар спорт мектептеріне құжаттар қабылдау басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында балалар спорт мектептеріне құжаттар қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан қаласында балалар спорт мектептеріне құжаттар қабылдау басталды

Елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған 11 спорт мектебі бар.

Нұр-Сұлтан қаласында спорт мектептеріне жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

 

Бүгінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 11 спорт мектебі бар, онда олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт түрлерін меңгеру жүргізіледі. 73 бөлімде 8032 бала спортпен тегін айналысады.

Спорт мектептеріне қабылдау қазан айына дейін жалғасады.

Ата-аналар баласына спорт мектебі мен спорт түрін таңдағаннан кейін, дәрігерден жаттығуға қарсы көрсетілімдер жоқ екендігі туралы анықтама алу қажет. Спорт мектептеріне қабылдау іріктеу негізінде жүзеге асады.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде және олимпиадалық резервтерді дайындайтын спорт мектептерінде балаларды жоғары білікті жаттықтырушылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері дайындайды. Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін жаттығу залдары мен арнайы инватаксилер қарастырылған, олар спортшыларды жаттығулар мен үйге апарады», — деп хабарлады әкімдіктен.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...