Now Reading
Қазақстандық мұғалімдерді қайта оқыту үш жылда бір рет жүргізіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық мұғалімдерді қайта оқыту үш жылда бір рет жүргізіледі

Қазақстандық мұғалімдерді қайта оқыту үш жылда бір рет жүргізіледі

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында үшінші бағыт бойынша Ұлттық экономика министрлігі 12 іс-шараны іске асырады. Бұл туралы ведомство басшысы Әсет Ирғалиев мәлімдеді.

 

«Білім туралы» Заңға үлгілік оқу жоспарларын алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Мұғалімдерді 3 жылда бір рет қайта оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда», — деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында. Оның айтуынша, қашықтықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйелердің сапасын арттыру жалғасады, сондай-ақ «Цифрлық мұғалім» жобасы іске асырылады. «Дарынды балалар мен оларды тәрбиелеген педагогтарға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне гранттар, біржолғы ақшалай сыйлықтар беру көзделіп отыр. Мектептердегі орын жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін 2025 жылға дейін кемінде 1 мың мектеп салу жоспарланған», — деді министр. «Жас талап» жобасы аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда», — деп түйіндеді А.Ерғалиев. Бұған дейін хабарланғандай, педагогтың кәсіби даму моделі Қазақстанда құрылатын болады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді бес жылда емес, үш жылда бір рет қайта даярлауды ұсынды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...