Now Reading
Астаналық еріктілер немен айналысатындарын және адамдарға не үшін көмектесетіндерін айтты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астаналық еріктілер немен айналысатындарын және адамдарға не үшін көмектесетіндерін айтты

Астаналық еріктілер немен айналысатындарын және адамдарға не үшін көмектесетіндерін айтты

Қазақстанда еріктілікпен 48 мыңнан астам адам айналысады. Кез келген адам жасына, жұмыс орнына және әлеуметтік жағдайына қарамастан ерікті бола алады. Ерекше жағдай төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жоюға байланысты жұмыстар болып табылады — мұнда 18 жастан асқан еріктілер жіберіледі. 

Қарт адамдарға ауыр сөмкелерін көтеруге көмектесу немесе нашар көретін адамды жолдан өткізіп жіберудің өзі бұл еріктіліктің бір түрі екендігін адамдар түсіне бермейді. Көмекке мұқтаж жандарға үнемі көмек көрсетуге шешім қабылдаған жандар еріктілер ұйымдарының қатарына қосылады. Қазақстанда мұндай ұйымдардың саны 3 мыңнан асады. Соның бірі — «Астана жастары» КМБ. «Астана жастары» базасында 3 мыңнан астам еріктілер бар, олардың 300-ге жуығы белсенді.

Жастар ұйымы еріктілерінің айтуынша, Нұр-Сұлтандағы адамдарға көмектескісі келетіндер саны, еріктілер ұйымдарының саны артып келеді. Бүгінде астаналық еріктілер штабында 20-ға жуық ұйым бар.

Елордалық еріктілер волонтерлікке қалай келгендерін және волонтерлік бастамалардың санын арттыру үшін не қажет екенін айтты.

Меруерт Ескермес, 21 жаста

Меруерт соңғы 5 жылдан бері еріктілікпен айналысады. Оның айтуынша, еріктілік туралы шешімді өздігінен қабылдаған.

Мен бір сәтте ояндым да адамдарға көмектескім келетінін түсіндім. Волонтерлік қызмет менің өмірімді жақсы жаққа өзгертті, өйткені мен әрқашан тұйық адам болғандықтан, адамдардан қорқатынмын, кекештігім болатын. Кейінірек бойымдағы комплекстер өздігінен кетті», — деп есіне алады бойжеткен.

Меруерт еріктілікпен қатар спортпен де белсенді айналысады және мүмкіндігі шектеулі балаларды жаттықтырады.

«Мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімделетін спорт бойынша жаттықтырушымын, дәлірек айтсам, церебральды сал ауруы, даун синдромы мен аутизмі бар балалармен жұмыс жасаймын. Мен джиу-джитсумен айналысамын, билеймін. Мен бұрын каратэні меңгерген едім», — дейді ол.

Еріктінің айтуынша, бойыңызда мейірімді жүрегіңіз және пайдалы болу деген ынтаңыз болмайынша волонтер бола алмайсыз. Сонымен қатар мейірімді және ашық болуыңыз керек, сонымен қатар стреске төзімді, өз жұмысыңызды жақсы көруіңіз керек.

Волонтерлік бастамаларды тереңірек дамыту үшін Қазақстанда көмектескісі келетін ұрпақты тәрбиелеу қажет, деп санайды Меруерт.

«Бұл үшін біз білім беру мекемелерінде еріктілер клубтарын көптеп ашуымыз керек, бұқаралық ақпарат құралдарында волонтерлік іс-шараларды белсенді түрде насихаттауымыз керек», — деп қосты ол.

Мырзагелді Ахимов, 17 жаста

Мырзагелді коронавирус пандемиясы өршіген кезде ерікті болды.

«Адамдарға көмектесу идеясы мені қатты қызықтырды, мен осы тақырып бойынша көптеген әлеуметтік бейнероликтерді қарадым және пандемия кезінде өз үлесімді қосу үшін еріктілер ұйымына жазылуды шештім», — дейді ол.

Мырзагелді екі жылға жуық уақыт еріктілікпен айналысады. Оның айтуынша, волонтерлік қызметті мектептегі оқумен, сонымен қатар актерлік өнер, фотография және бейне түсіру сияқты салаларды дамытумен ұштастыруға болады.

«Еріктілердің көмегімен мен ашылып, еркін болдым, маған адамдармен ортақ тіл табу оңай болды. Экология мәселесі де мені қызықтырды. Мен өзім үшін волонтер адамдарға көмектесуге деген құштарлығы бар адам бола алатынын түсіндім», — дейді Мырзагелді.

Волонтер сонымен қатар еріктілерге екі қасиет — еңбекқорлық пен қарым-қатынас дағдылары қажет деп есептейді.

«Волонтерлік бағдарламалар көптеген адамдар бастапқыда білмеген немесе ойламаған мәселелерді көтереді. Волонтерлік қызмет әр түрлі популяциядағы, жасы мен денсаулық жағдайындағы адамдармен жұмыс жасау тәжірибесін ұсынады. Жыл сайын беделі жақсарып, еріктілікке қызығушылық артқан сайын еріктілер саны артып келеді», — деп түйіндеді ол.

Динара Насыбуллина, 45 жаста

Еріктілер болып жастар айналысады: мектеп оқушылары, студенттер деген пікір жаңсақ. Оған дәлел — 7 жыл бойы еріктілікпен айналысқан 45 жастағы Динара Насыбуллина бола алады.

«Адамдарға көмек қажет болғанда мен тыныш жүре алмаймын. Егер біз кем дегенде азық-түлікпен көмектесе алсақ, онда бұның өзі жақсы», — дейді Динара.

«Мен әрқашан адамдарға қаншалықты қиын екенін байқадым, мен қолымнан келгенше көмектестім. Волонтерлік қызмет пен жақсы қор көздерінің арқасында мен пайдалы болуға көбірек мүмкіндік алдым. Мен айналамда қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге дайын көптеген адамдар бар екенін түсіндім, бірақ бұл тілек пен бос уақытты талап етеді», — деді ол.

Динара еріктілер, ең алдымен, мейірімді болу керек деп есептейді: «Бізде мейірімділік пен басқа біреудің қайғысын сезіну қабілеті болуы керек».

Оның айтуынша, еріктілер ұйымдары мен жобаларды одан әрі дамытып, қамту қажет.

«Менің ойымша, волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау маңызды, себебі біз осылай бірігеміз. Біз мұқтаж жандарға көмек қолын созған кезде, бұл көмекке ие болғандар да бізде мейірімді бола түсетініміз анық. Осылайша, адамдар өздерінің жалғыз емес екенін түсінеді және басқа біреудің қайғысына бей-жай қарамайтындар бар екенін түсінеді», — деп түсіндірді ерікті.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×