Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында балалар үйінің директоры жетім балалардың тамақтануына бөлінген 26 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында балалар үйінің директоры жетім балалардың тамақтануына бөлінген 26 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан қаласында балалар үйінің директоры жетім балалардың тамақтануына бөлінген 26 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Тергеу мәліметтері бойынша, мекеменің директоры мен бас бухгалтері еншілес компаниямен келісім-шартқа отырған.

Қаржылық мониторинг агенттігі астаналық балалар үйінің бірінен жетім балаларға тамақтануға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды агенттік сайтында.

Тергеу мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерінде көзделген рәсімдерді орындамай, тәуелді бақыланатын кәсіпорынмен азық-түлік өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасасқанын анықтады. Аталмыш компанияның нақты иесі бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы болған.

2019-2020 жылдарға жасалған келісімшарттарға сәйкес, шенеуніктер жетімдерге азық-түлік сатып алуға бөлінген 130 миллион теңге бюджет қаражатынан 25,9 миллион теңгені жымқырған.

Тергеу жалғасуда.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...