Now Reading
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резидентура бойынша оқитын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетін 196 қазақстандыққа берілді.

 

Стипендиаттар әлемнің 16 елінің жетекші университеттерінде, оның ішінде АҚШ (Гарвард университеті, Колумбия университеті, Массачусетс технологиялық институты), Канада (Торонто университеті), Ұлыбритания (Лондон экономика және саясаттану мектебі, Лондонның империялық колледжі, Лондонның Корольдік колледжі), Жапония (Токио университеті) және т. б. білім алатын болады.

 

Стипендиаттар қашықтықтан оқыту әдістемесі, стратегиялық менеджмент және жоғары білім берудегі көшбасшылық, университетті басқару, инклюзивті білім беру; медициналық генетика, вирусология, инфекциялық аурулар, эпидемиология, биотехнология, биомедицина; инновациялық менеджмент, цифрлық экономика, жасанды интеллект, мұнай — газ инжинирингі, авиациялық және аэроғарыштық техника, атом өнеркәсібі, IT, көлік технологиялары, машина жасау сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқудан өтеді, — деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.

 

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға барлығы 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінген. Тағы 500 стипендия «ғалымдар»тағылымдамасының жаңа санаты бойынша бөлінді. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 мамырдан бастап 28 қазанға дейін жүргізіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×