Қазақстанда 15 қыркүйекте амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға еркін тіркелу бойынша жаңа науқан басталды.
Әлеуметтік сақтандыру қоры ең көп таралған сұрақтарға жауап берді.
Тіркеуге өтініш қанша уақыт ішінде қаралады?
Электрондық үкімет порталы арқылы бекітуге өтінім берген кезде бекіту немесе бекітуден дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Үйге жақын емханаға тіркелу неге маңызды?
Біріншіден, бұл 15-20 минуттық жаяу қашықтықта орналасқан медициналық көмек.
Екіншіден, үйде көмек алу, соның ішінде қажет болған жағдайда дәрігерді немесе мобильді топты шақыру мүмкіндігі.
Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетеді.
Бір мезгілде бірнеше емханаларға тіркелуге болады ма?
Сіз тек бір емханаға тіркеле аласыз, өйткені тіркеу сіздің ЖСН жеке нөміріңіз бойынша жүзеге асырылады. Бұрынғы емханадан босатылу автоматты түрде жүзеге асырылады.
Егер мен тіркеу науқаны кезінде өтініш бермесем не болады?
Бұл жағдайда сіз бұрын қызмет көрсетілген емханаға тіркелесіз.
Егер өтінім тіркеу науқаны кезінде басқа емханаға тіркелуге берілсе, онда медициналық көмекті қашан алуға болады?
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап. Ағымдағы жылдың соңына дейін сіз бұрын қызмет көрсетілген емханаға тіркелесіз.
Қандай жағдайларда тіркеуден бас тартуы мүмкін?
Дәйексіз ақпарат ұсынған кезде;
Пациенттің емханаға қызмет көрсету аймағынан тыс жерде нақты тұратындығы анықталған кезде;
Бекітілген халық жалпы практика дәрігеріне 1,7 мың адамнан асқан кезде, учаскелік педиатрға — 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 бала, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 бала;
Тіркелушінің заңды өкілдігін растайтын құжат болмаған кезде.
Бекіту қандай НҚА реттеледі?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 13 қарашадағы «жеке тұлғаларды МСАК ұйымдарына тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен.