Now Reading
Қазақстанда балалар және медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне қатысты 36 тергеу басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда балалар және медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне қатысты 36 тергеу басталды

Қазақстанда балалар және медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне қатысты 36 тергеу басталды

Олар мемлекетке 376 млн теңге көлемінде зиян келтірді.

 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

 

Агенттік басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомство қызметінің қорытындылары туралы айтты.

 

«Жанат Элиманов осы жылдың сегіз айында 1508 экономикалық құқық бұзушылық анықталғанын, оның 803-і ауыр және аса ауыр сипатта екенін хабарлады. 36 ҰҚТ қызметінің жолы кесілді. Алкоголь өндіретін 26 жасырын цех, 224 заңсыз ойын мекемелері жойылды. Агенттік төрағасының айтуынша, соңғы төрт жылда көлеңкелі экономика деңгейі 29% – дан 20% — ға дейін төмендеді», — делінген хабарламада.

 

Жанат Элиманов әлеуметтік маңызды бағыттарда жұмыс жалғасып жатқанын айтты. Азық-түлік өнімдерінің бағасын бір қалыпта ұстап тұруды қамтамасыз ететін тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаудың бес фактісі анықталды.

 

Таразда жылу және Қызылордада газ тасымалдау тарифтерінің негізсіз көтерілуіне жол берілмеді. Мамандандырылған балалар және медициналық-әлеуметтік мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты 36 сотқа дейінгі тергеу басталды, олардың әрекеттерімен 376 млн теңгеге залал келтірілді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×