Бұрын әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу үшін қатаң түрде тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгіну міндетті шарт болатын еді.
Баланың тууына және бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны алуға ниет білдірген қазақстандықтар енді тұрақты тұратын жеріне қарамастан, еліміздің кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
Бұрын тұрақты тұруға ықтиярхаттың болуы және тұрғылықты жері бойынша ХҚКО -ға жүгіну әлеуметтік төлемдерді рәсімдеудің негізгі талаптарының бірі болатын еді.
«Экстерриториялық принцип бізге тек тіркелу орнымен ғана шектелмеуге мүмкіндік береді және клиенттерімізге көбірек қозғалыс еркіндігін береді. Соның арқасында қазақстандықтар бала тууына мен бала күтіміне байланысты жәрдемақы, бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты кірістері жоғалған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы алуға орналасқан жеріне қарамастан еліміздің кез келген халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш бере алады. Жылдың соңына қарай біз төлемнің басқа түрлері бойынша аумақтан тыс принцип енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов.
2021 жылдың 8 айында баланың тууына және бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақылар бойынша 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.