Жұмыстан шығаруға не себеп болғанына қарамастан, барлық қызметкерлер әлеуметтік төлемдерді ала алады
Қазақстанда жұмысынан айырылған жағдайда қысқартылған қызметкерлерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер төленеді. Сонымен қатар жұмыссыз адамға ешқайда барудың қажеті жоқ, қажет нәрсенің бәрін онлайн тәртіпте жасауға болады.
Төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі еңбек өтіліне және соңғы 24 айдағы табысқа байланысты тағайындалады. Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жоғалған кірістің 40%-на дейін мөлшерінде жүзеге асырылады.
Жұмыстан босатылған қызметкер төлемді алу үшін не істеу керек:
• eGov.kz порталына кіру қажет;
• «Жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеушілерді тіркеу» қызметін таңдак қажет;
• Барлық бағандарды толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріп және ЭЦҚ қол қою арқылы өтінімді жолдау қажет;
• Бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталығы бос орындарды ұсынады.
• Егер жұмыс табылмаса, онда жұмыссыз мәртебесі үш жұмыс күні ішінде қашықтықтан тағайындалады. Осыдан кейін, төлемге келісу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен SMS хабарлама жіберу керек. Сондай-ақ, бұл қызметті электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы онлайн тәртіпте алуға болады.
Жұмыстан шығаруға не себеп болғанына қарамастан, барлық қызметкерлер әлеуметтік төлемдерді ала алады. Қызмет жұмыссыздарға жұмыс іздеп жүргенде оларға материалдық қолдау көрсету мақсатында көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері қорға түскен әлеуметтік аударымдардың мөлшеріне байланысты.
2021 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарды тіркеуді жеңілдету және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алуды жеңілдету мақсатында Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыспен қамту орталықтарына қызмет көрсету жобасын іске қосты.
2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі — МӘМС) жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алушылардың саны 82,6 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылы 58,8 мың азамат төлемді бірінші рет алды.