Now Reading
Мүгедектігі бар жандар ҚР сайлау органдарынан квоталанатын орындарды ала алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар жандар ҚР сайлау органдарынан квоталанатын орындарды ала алады

Мүгедектігі бар жандар ҚР сайлау органдарынан квоталанатын орындарды ала алады

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және саяси партиялар туралы», «Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобаларына реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарын әзірледі. 

Құжаттарда партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды ҚР Парламентіне және мәслихаттарға бөлу кезінде квотаның міндетті есебін белгілеуге негіздеме, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін квота белгілей отырып, әйелдер мен жастардан басқа, квоталанатын азаматтардың тізбесін кеңейту қамтылады.

Заң жобаларын қабылдау оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келеді деп күтілуде, өйткені әйелдерді, жастарды және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды елдің саяси мәселелеріне белсенді тарту шешім қабылдау кезінде олардың пікірлерін ескеруге мүмкіндік береді.

Заң жобаларына реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарымен танысу, сондай-ақ оларды талқылау үшін сіз осы сілтеме бойынша «Ашық НҚА»порталында өте аласыз https://legalacts.egov.kz/list?&types[0]=7001.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
95
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.