Now Reading
Қазақстанда проблемалық берешекті сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі іске қосылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда проблемалық берешекті сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі іске қосылды

Қазақстанда проблемалық берешекті сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі іске қосылды

2021 жылғы 1 қазаннан бастап банктер және банк қызметі, сондай-ақ микроқаржы қызметі туралы Заңдарға банктер мен микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қарыз алушының проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимін енгізу бөлігіндегі түзетулер күшіне енді.

Енді мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы-жеке тұлғалар өз кредиттерін немесе микрокредиттерін қайта құрылымдау мәселелерін құқықтық өріс шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарауға міндеттелген кредиторлармен тікелей шеше алады.

Реттеудің жаңа тетігіне сәйкес Банктер мен МҚҰ қарыз алушыны мерзімі өткен сәттен бастап 20 күн ішінде туындаған мерзімі өткен туралы хабардар етуге міндетті. Хабарламада кредиторлар сондай-ақ туындаған мерзімін өткізіп алудың нақты мөлшерін көрсете отырып, төлемдер енгізу қажеттігі туралы азаматтарды хабардар етуге, олардың банкке немесе МҚҰ-ға жүгіну құқығы және кредиттер бойынша өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы айтуға тиіс.

Қарыз алушылар, өз кезегінде, мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде қарыздарды қайта құрылымдау үшін несие ұйымына жазбаша өтінішпен немесе несие шартында көрсетілген басқа тәсілмен жүгінуі керек. Өтініште мерзімін өткізіп алудың немен байланысты болғанын көрсету, ықтимал қайта құрылымдаудың өз нұсқаларын ұсыну және кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелері бойынша төлем жасау мүмкін еместігін куәландыратын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және банк пен МҚҰ қарауына жатады. Толық емес мәліметтер ұсынылған кезде қарыз алушы оларды қаржы ұйымынан хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.

Қарыз алушыдан құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін кредитор өтінішті қарайды, бұл ретте Қарыз алушының ағымдағы қаржылық жағдайы (төлем қабілеттілігі), әлеуметтік жағдайы, кепілдік тұрғын үйдің бірегейлігі, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторларды ескереді.

Кредитор өзінің жауабын 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынуы тиіс:

қарыз алушы ұсынған банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді қабылдай отырып, келісім;

банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары;

себептердің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, бас тарту.

Қарыз алушы немесе кредитор ұсынған қайта құрылымдау талаптары: сыйақы мөлшерлемесін төмендету, төлемді кейінге қалдыру, өтеу әдісін өзгерту, қарыз мерзімін ұлғайту, борыштық жүктемені азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері), ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу немесе кепіл мүлікті сатып алушыға бере отырып, кредиторға беру, жылжымайтын мүлікті өткізу жолымен шегіндіру түрінде болуы мүмкін.

Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу банк шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жүзеге асырылады.

Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау шарттары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, ол ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы . Бұл ретте Қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға өзінің өтінішінің және өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеуінің дәлелдерін міндетті түрде ұсынуы тиіс. Агенттік өтініш берушінің өтініші негізінде өз өкілеттіктері шеңберінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеруге бастамашылық етеді және тексеру іс-шаралары аяқталғаннан кейін мәселені жан-жақты қарауға және кредитор қабылдаған шешімге қатысты кредиттік ұйымның іс-қимылына баға береді. Осы кезеңде кредитор халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге берілген мүлкін өндіріп алу рәсімін бастауға құқылы емес.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, ұрыс қимылдарының ардагерлері, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар жандар, мүгедектігі бар балалары немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қандастар, экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар, көп балалы оибасылар.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 24 мамырда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы банктік, микроқаржы және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал» Заңға қол қойды.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×