Now Reading
Қазақстанда «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылады

Қазақстанда «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылады

Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың қараша айында азаматтарға үйлерінен шықпай-ақ құрылыс салушыдан пәтерді онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен бұл процесс құрылыс салушы сайтында тұрғын үйді таңдауды, құрылыс салушы платформасын және екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы ипотеканы алуды автоматты түрде тексеруді қамтиды.

Ипотека бекітілгеннен кейін кепіл шарты мен сатып алу-сату шарты автоматты түрде ресімделеді, мәміле тараптары қол қояды және «Жылжымайтын мүлік тізілімі» мемлекеттік деректер базасына тіркеуге онлайн тәртіпте жіберіледі.

Тіркеу туралы хабарламалар әзірлеушінің веб-сайтындағы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...